Оқулық екі бөлімді 2 бөлім «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет86/316
Дата19.12.2022
өлшемі14,99 Mb.
#58083
түріОқулық
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   316
115
 


Конволютті бұрамды, кескіш бейінінің симметрия осін бұрам 
осімен қиылыстыра отырып, оның белгілі бір шамасына немесе 
оған еңкіш бұрам осіне параллель жазықтықта жоғары немесе одан 
төмен өз бейінімен жазықтыққа орнатылған кескішпен кеседі. 
Жұмыс бейіні түзу сызықты конволютті бұрамдарды екі кескішпен 
өңдейді (1.75, в сур.).
 
Глобоидті бұрамды кескіш жиегі түзу сызықты кескішпен 
кеседі, бұл ретте бұрам тісінің бейіндері мен іліністегі бұрамдық 
дөңгелектің салыстырмалы қозғалысын қайта өндіру үшін кескіш 
осі синхронды түрде кесілетін бұраммен айналады. Бұрамның осы 
түрін тіс жону білдегінде кескішпен өңдейді. 
Бұрамдарды қырнаушы білдегінде кескішпен өңдеуден басқа, 
сондай-ақ жонғыш және бұрандалы жону білдектерінде бейінді 
кескішпен және жонғыштармен кесуді де қолданады.
Бұрамдарды дискілі жонғышпен кесу - өңдеудің өнімдірек 
тәсілі, бірақ бұл жағдайда негізі мен жоғарысында орамды көтеру 
бұрышында айырмашылық болу салдарынан бұрам бейіні 
бұзылады, әсіресе, көпкірмелі бұрамдықтарда. Сондықтан осындай 
тәсілді әдетте бұрам бейінін алдын ала өңдеу үшін қолданады. Түзу 
сызықты бейіннің кескіш жиектерімен дискілі жонғышпен кесу 
барысында (1.76-сур.) А жонғышының айналу осінің бейіні 
бұрамдық орамын көтеру бұрышына тең бұрышта орналасады.
Бұрамдықтарды дискілі жонғышпен кесумен қатар, әртүрлі 
бұрамдықтарды қарапайым тіс жонғыш білдектерде өңдейді. 
Мысалы, тістің түзу сызықты кескіш жиектері бар бұрамдық 
жонғышпен өңдеу барысында, эвольвентті бұрамдықты кесуге 
болады. 
__________________________________________________________ 
А
 
1.76-сурет. Бұрамдықты дискілі
жонғышпен кесу 
схемасы
116
 


2
1.77-сурет. Бұрамдықты қашауышпен кесу схемасы 
__________________________________________________________ 
Архимед және конволютті бұрамдықтарды кесу үшін, тістің 
кескіш бейінінің қисық сызықты бейіні бар арнайы бұрамдық 
жонғыштарды қолданады. Осы өңдеу тәсілі өнімділік жоғары 
болған кезде, күрделі аспаптың болуын талап етеді; өйткені ол 
бұрамдық орамдарының бет бейінін бұзуға әкеліп соғады, оны 
алдын ала өңдеу үшін қолданады.
Жоғары нақтылықты қамтамасыз ететін өңдеудің өнімді әдісінің 
біреуі бұрамдықты арнайы білдектерде («Корнелис» типті және 
т.б.) қашауышпен кесу болып табылады (1.77-сур.). Кесілетін 
бұрамдықтың осьтік бетіне қатысты орнатылған 1 қашауышта 
бұрамдық осі бойымен беру қозғалысы болады. Бұдан басқа
қашауыш пен бұрамдыққа жүргізудің айналым қозғалысы беріледі. 
Осы қозғалыстардың қиылысу нәтижесінде бұрамдықтың барлық 
орамдары кесіледі.
Осы өңдеу әдісі барысында (қашауыш дәлдеп жасалған 
жағдайда) бұрамдық бетінің бейіні бұзылмайды және бұрамдықты 
қашауышпен кесу нақтылығы жоғары және өнімді болып табылады. 
Алайда, кесілетін бұрамдықтардың орамдарын көтерудің әрбір 
бұрышына қашауыштар әзірлеу өндірісті дайындау шығынын 
арттырады, сондықтан осы әдісті тек ірі сериялы немесе көптеп 
шығаратын өндірісте қолданған ғана үнемді болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет