Оқулық екі бөлімді 2 бөлім «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет89/316
Дата19.12.2022
өлшемі14,99 Mb.
#58083
түріОқулық
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   316
119
 


1.80-сур. Тісті дөңгелектердің тістерін дискілі тісқырғыш арқылы 
қыру схемасы 
__________________________________________________________ 
Тіс бетін тісқырғышпен кесу үшін үстелге 8 тісті дөңгелектің 
бір айналымына 0,1...0,3 мм бойлық беріліс беріледі. Жүріс соңында 
үстелге көлденең (тік) 0,02.0,04 мм беріліс беріледі, содан кейін 
үстел кері бағытқа қайтады. Үстелдің жүріс саны әдіп шамасына 
байланысты. Тісті берілістердің заманауи конструкцияларында 
кеңінен тараған тістердің бөшке сияқты түрін алу қажет болған 
жағдайда, білдекте көзделген кронштейні 3 бар тербелмелі плитаны 
7 және оған орнатылған саусақты 1 пайдаланады. Саусақты 
кронштейнге орнатылған көшірмеге тиянақтайды, ол көшірмемен 
сырғанай отырып, үстел жүрісінің соңында плитаны еңкейтеді, 
соның нәтижесінде тісқырғыш, тістерді ортасымен салыстырғанда 
шетінде өте жіңішке етіп қалыптастыра отырып, тісті дөңгелекке 
кіреді.
Тісті дөңгелекті өңдеу үстелдің 12-14 қос жүрісі барысында 
жалғасады, дөңгелектің бір тісін өңдеуге 2...3 с. кетеді. Тісқыру 
арқылы тісті дөңгелекті өңдеу нақтылығы қадам мен бейін 
бойынша шамамен 0,005 мм, бастапқы шеңбер соғысы бойынша 
0,03 мм дейінгіні құрайды.
Тісті жылтыратуды негізінен екі әдіспен: жүргізу (таптау) 
және фасонды жылтылдату шеңберінің көмегімен бейінді көшіру 
әдістерімен орындалады. Жылтылдату арқылы қалтырылатын әдіп 
шамасына қарамастан, 11-ші, 12-ші квалитет шегінде тісті 
дөңгелектің 
негізгі 
параметрлерінің 
нақтылығымен 
бет 
бұдырлығының Ra 0,63...0,32 мкм жеткізіледі.
120
 


Жүргізу (таптау) әдісі арқылы тістерді жылтылдату дегеніміз, 
жылтылдату үрдісінде жұптың тісті ілінісін қалпына келтіреді 
төрткілдеш - аспабы төрткілдеш болып табылатын тісті дөңгелек 
болып табылады. Осы әдісті, әртүрлі жылтылдату шеңберлерін 
пайдалана отырып, заманауи білдектерде қолданады.
1.81, а сур. цилиндрлі дөңгелектің тісін төрткілдеш - тісті 
дөңгелек 
тісін 
жылтылдату 
схемасы 
бейнеленген. 
Екі 
жылтылдататын шеңбер 1, олардың сүмбіге қаратылған шеттері 3 
дайындамамен іліністегі елестетілетін өндіруші төрткілдештің 2 
тістерінің бүйір жақтарына сәйкес келетіндей етіп орнатылады. 
Айналатын дайындама 3 бойынша жүре отырып, жылтылдатқыш 
шеңберлер өзінің сырт жағымен дөңгелек тістерінің бетін 
жылтылдатады.
Қашақты бұрамдықпен тегістеу ең өнімді тәсіл болып табылады 
(1.81, б сур.). Диаметрі 300 мм бір немесе екі кірісті бұрамдық 
түрінде жасалған жылтылдатқыш шеңберге өңдеу барысында екі 
қозғалыс: айналдыру І - 20....30 м/с жылдамдықпен осьті айнала 
және ілгерілемелі ІІ - дөңгелектің бір айналымында 0,6 мм 
жылдамдықпен дайындама осі бойымен (беру қозғалысы) беріледі. 
Тісті дөңгелек қажақты бұрамдықтың айналымымен келістірілген 
өз осін айнала ІІІ айналдыруды алады, және кезеңді радиалды беру 
қозғалысы IV. Бір кірісті бұрамдықпен өңдеу нақтылығы нақтылық 
деңгейінің 6-шы деңгейіне, екі кірісті - нақтылықтың 7-ші деңгейіне 
сәйкес. Өңделген тістер бетінің қол жеткізілген бұдырлығы Ra 
1,25.0,32 мкм.
1.81, в суретте тісті көшіретін қалпы келтірілген тегістеу 
шеңберімен тегістеу схемасы көрсетілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет