Оймакілтек
қосылыстарын
орталықтандыруды
тек
оймакілтектердің бүйір жақтары бойынша ғана орындайды.
Оймакілтек біліктерінің элементтері
мен төлкелерін өңдеу
әдістері. Біліктердің оймакілтек беттерін бөлу құрылғыларындағы
көлденең жонғыш білдектерде (1.86,
а сур.),
тіс жонғыш
білдектерде, арнайы оймакілтек жонғыш білдектерде (1.86,
б сур.),
сондай-ақ жылтылдатқыш білдектерде орындайды (1.86,
в, г сур.).
Соңғы кездері ірі сериялық және көптеп шығаратын өндірісте
оймакілтек жонғышты
контурлы оймакілтек жону, оймакілтек
тарту, аунақшалармен, төрткілдештер және бейінді көп аунақшалы
бастиектер қолданыстан ығыстырып келеді. Ол,
оймакілтекті кесу
үшін көп кірісті жонғышты қолдану аспаптың қымбаттауына әкеліп
соғатындығымен және оймакілтек беттерінің нақтылығына
қойылатын жоғары талаптарды
қамтамасыз етпейтіндігімен
түсіндіріледі.
Сериялық өндірісте біліктегі оймакілтектерді әдетте екі
операциямен жонғыштайды: алдымен оймакілтектердің бүйір
жағын бір
уақытта екі дискілі жонғышпен, содан кейін ішкі
диаметрді - жонғышпен өңдейді.
Көптеп өндіру барысында
оймакілтек бейінін (бүйір жағы мен ішкі диаметрін) тіс немесе
оймакілтекжонғыш білдектерде бұрамдық жонғышпен жонады.
Диаметрі 30 мм дейінгі оймакілтек біліктерін әдетте бір жұмыс
жүрісінде жонады, ал диаметрі үлкен
біліктерді екі жұмыс
жүрісінде жонады. Бұрамдық жонғышпен жону,
көлденең-жонғыш
білдектерде
1.86-сурет. Оймакілтек беттерді көлденең жонғыш (
а), оймакілтек
жонғыш (
б), жазық жылтылдатқыш (
в) және оймакілтек
жылтылдатқыш (
г) білдектерде
өңдейді
Достарыңызбен бөлісу: