Оқулық екі бөлімді 2 бөлім «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет105/316
Дата19.12.2022
өлшемі14,99 Mb.
#58083
түріОқулық
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   316
Электрлік өңдеу. Қазіргі заманғы машина жасау саласында 
электрлік өңдеудің бірқатар әдістері қолданылады. Олардың 
ішіндегі ең негізгілері: электрхимиялық, электртермиялық, 
электрлік 
ұшқын, 
электргидравликалық, 
ультрадыбыстық, 
электронды және жарық сәулесі. 
Электрхимиялық өңдеу әдісі (металды электрхимиялық 
жылтырату және анодты-химиялық өңдеу) электролит ерітінділері 
арқылы электр тогының өтуіне байланысты құбылыстарға 
негізделген. 
Бұл 
өңдеу 
тәсілі 
өңделген 
материалдардың 
беттерін 
оксидтерден, тоттардан, майлау қабыршақтарынан және басқа да 
ластаушылардан тазартуға және өңделетін бетті тегістеуге, 
жылтыратуға, қырнауға мүмкіндік береді. 
Металды 
анодты 
ерітіп, 
электрхимиялық 
жылтырату 
барысында, яғни металл токтың оң көзімен байланыстырылған 
электрод (анод) бетінен ерітіндіге өткенінде, жылтыратылатын 
дайындаманың бетінде жабысқақ тұздар үлпегі пайда болады, ол 
жылтыратылатын беттің кішкентай ойыстарын ток әрекетінен 
қорғайды, дегенмен ол дөңес жерлердің еруіне кедергі келтірмейді. 
Металды ажырату қарқындылығы 3...10 мкм/мин құрайды, 
процестің ұзақтығы берілген ажырату түріне байланыс әр түрлі 
болады: қара және түсті металдар үшін 4...10 мин, жеңіл 
қорытпалар үшін 3...5 мин. Өңдеудің жетімді дәлдігі 6-8 квалитет 
шамасында, беттің кедір-бұдырлығы Ra 2,5...0,16 мкм шамасында 
болады.
Егер де құралдың кесілетін ернеуінде токтың жоғары жиілігін 
тудырып, сол бөліктегі еру процесін жеделдететін болса, онда 
кесетін құрал электрхимиялық қайралуы мүмкін. 1.94-суретінде 
саңылауды электрхимиялық әдіспен тігу схемасы көрсетілген. 
140 


5 
1.94-сур. Саңылауларды 
электрхимиялық әдіспен тігу 
схемасы: 
1 - дайындама (анод); 2 - қысу;
3 - электролиз ваннасы; 4 - жез 
түтікше (катод); 5 - электролитті 
жеткізу; 6 - электролитті қайтару; 7
саңылау 
__________________________________________________________ 
7 
Егер де лағыл түтікше 4 (катод) мен өңделетін дайындама 
бетінің 1 (анод) арасында электролиз ваннасын 3 жасайтын болса, 
онда түтікшемен шектелген бөліктің анодты еруін жүзеге асыруға 
болады, яғни саңылаудың 7 электрхимиялық тігуін орындауға 
болады. Тігу темалл ажырату өнімділігі 500...2 000 мкм/г 
қарқындылығымен жүреді және ол беттің кедір-бұдырлығының Ra 
2,5...1,25 мкм шамасын қамтамасыз етеді. 
Сол принцип бойынша, катод трубасының пішіні мен өлшемін 
өзгерту арқылы әр түрлі пішінді және өлшемді саңылауларды алуға 
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет