Оқулық екі бөлімді 2 бөлім «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша


Жонғыш көп  айналдырғы автоматтар



Pdf көрінісі
бет15/316
Дата19.12.2022
өлшемі14,99 Mb.
#58083
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   316
Жонғыш көп 
айналдырғы автоматтар және жартылай 
автоматтарды айналмалы немесе қозғалмайтын дайындамасы бар 
жазық және үзіліссіз немесе жүйелі қызметті деп бөледі. 
______________________________________________ 
1.11 -сурет. Бір айналдырғы орталық шептегі (а) және патрондық 
(б) жартылай автоматта өңдеудің технологиялық 
схемалары 
19
 


Дайындаманы айналмалы өңдейтін жазық көп айналдырғы 
жартылай автоматтар өндірісте кең тараған; қозғалтпай өңделетін 
дайындамасы бар және айналмалы кесуші құралдары бар жартылай 
автоматтар сирек кездеседі. 
Үзіліссіз қызметтегі (ротациялық) тік көп айналдырғы жартылай 
автоматтар оталық шепте орналастырылған немесе патронда 
бекітілген дайындамаларды өңдеу үшін арналған. Бекітушіден басқа 
әрбір позицияда бір амалды орындайды. Барлық суппорттарда 
орналастырылған кесуші құралдар бірдей жөнге келтірілген. 
Осыдан, білдек бірнеше бір айналдырғы тік көпкескішті, 
айналдырғылары айналмалы айналмашақта орналасқан, жартылай 
автоматтарды құрайды. Суппорттардың айналдырғыларын жүктеу 
үзіліссіз айналып тұрған үстелде жүргізіледі, бұл кезде, жүктелген 
позицияда орналасқан айналдырғысы айналмайтын суппорттан 
басқа барлық суппорттар үзіліссіз жұмыс істей береді. 
Жүйелі қызмет істейтін көп айналдырғылы тік жартылай 
автоматтар алты, сегіз және одан да көп айналдырғымен 
дайындалып, негізінен патрондық жұмыстар үшін арналған. 
Дайындамаларды білдектің айналдырғыларының оқтарында 
бекітеді. Бес позицияда технологиялық өтпелерді жүйелі орындауда 
бір уақытта бес дайындама өңделеді, әрқайсысы бір позициядан 
екіншісіне жылжу барысында өңдеудің толық кезеңінен өтеді.
Өңдеу кезеңі аяқталған соң дайындама алтыншы позицияға 
келеді, яғни жүктемелі-жүк түсіретін аймаққа шығады, мұнда 
айналдырғының айналуы тоқтайды, өңделген дайындаманы шешіп, 
жаңа патрон орнатуға мүмкіндік береді. 
Көп айналдырғы жартылай автоматтарда бір уақытта екі түрлі 
немесе бірдей дайындаманы екі жақтан өңдеуге болады. Бұл 
жағдайларда екі позиция да жүктемелі-жүк түсіретін болып 
табылады, ал айналдырғылар әрбір позиция сайын ауысып тұрады 
(айналдырғының қос индекстеуі). 
1.12-суретте 
көп айналдырғы алты позициялы тік жартылай 
автоматта дайындаманы өңдеудің технологиялық схемасы 
көрсетілген. І позицияда дайын бөлшекті шешеді және жаңа 
дайындаманы орналастырады. Келесі позицияларда (II-VI) 
бөлшектің сыртқы және ішкі беттерін өңдейді. 
Көп айналдырғы жону автоматтарында негізінен шыбықты 
бөлшектерді 
өңдейді. 
Автоматтар 
арнайы 
жүктемелі 
құрылғылармен қамтамасыз етілген болса, оларда даналы 
дайындамалардан бөлшектер дайындауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет