Оқулық екі бөлімді 2 бөлім «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет17/316
Дата19.12.2022
өлшемі14,99 Mb.
#58083
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   316
Байланысты:
mm

Айналдырғы білдектерде өңдеу диск және сақина типті 
ірі 
габаритті және ауыр бөлшектерді дайындау кезінде пайдаланылады. 
Дайындама жазық орында негізделеді, басқалай амал білдекте 
немесе үлкен револьверлі білдектегідей орындалады. Айналдырғы 
білдектің жоғары қаттылығы кескіштің бір өтімінде үлкен әдіп 
шешуге мүмкіндік береді. 
Айналдырғы білдектерде бірнеше суппорттардың және 
револьверді бастиектің болуы жоғары дәрежеде (бірнеше негізгі 
ауысымдар) шоғырланатын амалдарды жобалауға мүмкіндік береді, 
бұл ауыр ірі габаритті дайындамалардың орын ауыстыруларын 
азайтады. 
__________________________________________________________ 
1.14 -сурет. Бір қалыпты сомынды жасау үшін төрт айналдырғы 
автоматты жөнге келтіру мысалы
23
 


Ажарлағыш білдекте өңдеу дайындама материалының жоғары 
қаттылығы бар бөлшектерді дайындау кезінде қолданылады. Өңдеу 
қажақты, кесуші элементі түрпілі материалдардың уақ бөлшектері 
(түйіршіктер) болып табылатын құралмен жүргізіледі. Ажарлау 
кезінде өңделген беттердің жоғары дәлдігін және беттің жоғары 
класты 
тазалығын 
(аз 
бұдырлығын) 
алады. 
Бөлшектің 
геометриясына қарай (беттің ұзындығы, қаттылығы) әртүрлі 
ажарлау әдістерін қолданады.
Ажарлағыш қажақты шарықтастар қажақты материалдардың, 
бір бірімен байланыстырушы зат - біріктірмемен цементтелген ұсақ 
түйіршіктерінен тұрады. Түрпілі материалдардың қаттылығы 
шыңдалғаннан болаттың қаттылығынан жоғары. 
Қажақты 
құралды 
дайындау 
үшін 
пайдаланылатын 
материалдарды табиғи және жасандыға бөледі. Табиғи қажақтарға 
алмаз, корунд, зімпара, гранит, кварц, кремний, дала шпаты
кеуектас және т.б. жатады. 
Ажарлағыш шарықтастарды дайындау үшін негізінен жасанды 
қажақты материалдарды қолданады, олар табиғимен салыстырғанда 
біртектілігі мен тазалығы жағынан жоғары сапалы және арзан.
Ажарлағыш 
шарықтастарды 
мына 
жасанды 
қажақты 
материалдар: нормалы және ақ электркорунд, қара және жасыл 
кремний карбидінен дайындайды.
Электркорунд - дегеніміз алюминийдің кристаллданған оксиді 
(Al
2
O
3
), ол боксит кенінің электр пештерінен балқыту арқылы 
алынады. Ақ электркорунд құрамында алюминий оксиді көбірек, 
оның кесу қабілеті қалыпты электркорундтен жоғары. Кремний 
карбиді - дегеніміз кварц құмы мен көмір ұнтағының электр 
пештерінен қоспа қылып шығару жолымен алынатын кремний мен 
көміртектінің химиялық қосылысы. Жасыл кремний карбидінің 
қаттылығы жоғары және жалпы қара кремний карбидімен 
салыстырғанда жоғары сапалы қажақ болып табылады. Қатты 
қоспалы құралдарды егеу үшін негізінен жасыл кремний карбидін 
пайдаланады. 
Айтылған қажақтар қазіргі уақытта машина жасауда кең тараған.
Стандартты 
ажарлағыш шарықтастар үшін алты түрлі: 
керамикалық, бакелитті, вулканитті, силикатты, глифталды және 
металлды біріктірмелерді пайдаланады. Машина жасауда ең көп 
тарағаны керамикалық біріктірме, оны отқа берік саздан, дала 
шпатынан және кварцтан жасайды. Керамикалық біріктірменің 
құндылығы - отқа және суға беріктігі, жоғары өнімділігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет