5.2 кесте соңы
Осылайша, кез келген саңылау бір білік жанында орналасқан бөлек
саты ретінде ұсынады.
Әр сатыны оның өңдеуі басталатын шетжағымен бірге
қарастырады. Шетжағын нөмірлеуге болады.
Әр белгіленген саты бір немесе бірнеше типтік ауысуларда
өңделуі мүмкін.
Саңылауларды өңдеу кезінде типтік ауысулар. Саңылаудың бір
сатысы үшін технологиялық ауысулардың нақты бірізділігі
орнатылуы мүмкін.
1.
Центрлеу — арнайы орталық құрал бұрғы немесе конустық
ойдымдауышпен орындайды (5.2-сурет, 1 ауысу).
2.
Саңылауды қаралтым өңдеу — бір немесе бірнеше
ауысуларда бұрғымен, үңгімен, жонғышпен және фрезамен
орындалуы мүмкін (5.2-сурет, 2, 5, 7, 8 ауысулар).
3.
Саңылаудың шетжағын өңдеу — бағыттаушы тесемен тура
ойдымдауышпен, пластинаның шетжағымен (5.2-сурет, 3 ауысу),
немесе
фрезамен,
сондай-ақ
плансуппортта
орнатылған
жонғыштармен орындайды.
4.
Конустық үңгілеу — арнайы конустық үңгімен орындайды.
Достарыңызбен бөлісу: