Қазіргі заман ғылымында əдіснама деп ғылыми-танымдық іс-əрекеттердің құрылу принциптері, формалары мен тəсілдері жөніндегі білімді айтамыз.
Ғылым əдіснамасы зерттеу жүйесіндегі құрылымдық бірліктердің – нысаны, талдау пəні, зерттеу міндеттері, зерттеу құралдар тобы т.б. сипаттамасын береді. Сонымен бірге зерттеу міндеттерінің шешімін табу процесіндегі əрекеттер бірізділігін белгілейді.
Педагогикалық өлшемнің негізгі мәселелерін қарастырудың
Педагогикалық зерттеудің нәтижелерінің сапасын негіздеу, көп жағдайда педагогикадан тыс ұғымдар және критерийлерді – философиялық, логикалық, математикалық-статистикалық критерийлерді қарастыруды талап етеді
Педагогикалық өлшемдердің сапасын әдіснамалық тұрғыда негіздеу:1) өлшем процесін ұйымдастыру теориясы; 2) осы процесті ғылыми негіздеу мәселелерін қамтиды.
Батыс елдерінде тестілердің математикалық-статистикалық теориясы жақсы құрастырылған, бірақ тестердің педагогикалық теориясы жеткілікті зерттелмеген. Оның басты себебі – тестілеудегі америкалық тұғырға тән прагматизмнің және технократизмнің басым үлесі.
Білім беру мәселелерінің педагогикалық аспектілері– бұл педагогикалық өлшемнің педагогика ғылымымен байланысы, педагогикалық өлшем пәнін анықтау, педагогикалық өлшемдердің педагогикасы мен теориясының ұғымдық аппаратының арақатынасы, тест және тест тапсырмаларын құрастыруға арналған оқу пәнінің мазмұнын таңдау әдістері.