Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»



Pdf көрінісі
бет4/103
Дата06.01.2022
өлшемі7,34 Mb.
#11814
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   103
Графикалық  редактор  –  суреттердің  «қағаз»  көшірмелерін
жасау, түзету, сақтау және алу үшін арнайы бағдарлама. 
Компьютерлік  графика  құралдарымен  баспа  өнімдері  және 
жарнама  роликтері,  бейнеклиптер,  мультфильмдер  де  (анимация) 
және  т.б.  жасалады.  Барлық  заманауи  компьютерлер  графикалық 
суреттер  алудың  аппараттық  және  бағдарламалық  құралдарымен 
жабдықталған.  Аппараттық  құралдар  бейнемонитор,  бейнекарта, 
қатты  магнитті  дискідегі  жинақтауыш,  процессор,  жедел  сақтау 
құрылғысы    (ЖЖҚ  немесе  RAM),  пернетақта,  тінтуір  және 
компьютердің  құрамдас  бөліктері.  Бейнежүйенің  сапасынан 
суреттің  сапасы,  түстер  палитрасы,  монитордың  максималды 
рұқсаты тәуелді. 
Графикалық редакторлардың келесідей мүмкіндіктері бар: 

сурет аймағын редакциялау үшін бөлу;

түрлі түсті, өлшемдегі, нысандағы арнайы құралдары және түрлі
қысыммен сызықтарды салу;


10

аймақты түспен, градиентпен немесе текстурамен толтыру;

түрлі түсті модельдерді қолдана отырып 
(RGB, CMYK, HSV)
түсті таңдау;

жазуларды түрлі қаріппен рәсімдеу:

іздерді, былғаныштарды, қызыл көздердің әсерін және суреттің
өзге де жетіспеушіліктерін алып тастау;

қабаттарды пайдалана отырып, суреттерді жасау;

суреттерді файлдардың түрлі форматында конверттеу;

түрлі  әсерлерге  қол  жеткізу  үшін  сүзгілерді  қолдану.  Растрлық
және векторлық графикалық редакторлар болып бөлінеді. Растрлық
форматбарлық 
суреттер 
суреттердің 
элементтері 
немесе
пиксельдер 
(ағылшын  тіліненpixel  –  pictureelement)  деп  аталатын
жеткілікті  ұсақ  тікбұрыштарға  тігінен  және  көлденең  бөлінуімен
сипатталады.  Растрлық графиканы қамтитын   файлда  осы  суреттің
әр  пикселінің  түсі  туралы  ақпарат  сақталады.  Файлда  сақталатын
суреттің өлшемі көлденең және тігінен пиксельдердің саны түрінде
беріледі.
 
Векторлық 
форматта 
сурет 
қарапайым  геометриялық 
фигуралар  комбинациясы  –    нүктелер,  тік  және  қисық  кесінділер, 
шеңберлер, тікбұрыштар және т.с.с. түрінде ұсынылады. Бұл ретте 
суретте  толық  сипаттау  үшін  әр  фигураның  түрін  және  базалық 
координаталарын, 
мысалы, 
кесіндінің 
екі 
ұшының 
координаталарын,  орталықтың  координаталарын  және  шеңбердің 
диаметрін білу керек. 
 
Осы кодтау тәсілі қарапайым фигуралар комбинациясы, мысалы, 
техникалық  сызбалар  түрінде  елестетуге  жеңіл  болатын  суреттер 
үшін  мінсіз  келеді.  Векторлық  графикада  көптеген  қасиеттер  бар. 
Ол  суреттерді  сақтау  үшін  қажетті  дискілік  кеңістік  шеңберінде 
үнемді:  бұл  суреттің  өзі  емес,  кейбір  негізгі  мәліметтер 
сақталуымен  байланысты,  бағдарлама  осыны  пайдалана  отырып, 
әрдайым суретті қайтадан шығарады. 
 
Электрондық  кестелер  (кестелік  процессорлар)  –    бұл  кестелік 
есептеулерді  жүргізу  үшін  арналған  қолданбалы  бағдарламалар. 
Электрондық  кестелердің  пайда  болуы  тарих  жағынан  жеке 
компьютерлердің таралуымен тепе-тең.  
 
Электрондық  кесте  –    тұтас  тапсырмалар  кешенін  шешуге 
мүмкіндік беретін ақпараттық технологиялар құралы.
 
1.
Есептеуіштерді  орындау.  Баяғыдан  көптеген  есептеулер
кесте  нысанында,  әсіресе,  іс  жүргізу  саласында  қолданылады: 
көптеген  есептеулер  ведомостілері,  табуляграммалар,  шығыстар 
сметасы  және  т.б.  Бұдан  басқа,  тұтас  бірқатар  математикалық 
тапсырмаларды  сандық  әдістермен  шешу  кесте  түрінде  орындауға 


11
 
 
қолайлы.  Электрондық  кестелер  өзін  осы  есептеуіштерді 
автоматтандыру үшін қолайлы инструмент болып табылады. Бұдан 
бұрын программалау жолымен ғана жүзеге асыруға болатын ЭЕМ-
де  көптеген  есептеуіш  тапсырмаларды  шешуді  іске  асыруға 
мүмкіндік пайда болды. 
 
2. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет