Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»


СЕРВЕРЛЕРДІҢ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет7/103
Дата06.01.2022
өлшемі7,34 Mb.
#11814
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   103
СЕРВЕРЛЕРДІҢ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ 
ЖАСАҚТАМАСЫ  
Серверлердің  бір  рангтық  компьютерлерден  басты  ерекшелігі 
олардың  бағдарламалық  жасақтамасы.  Сервер  қаншалықты  қуатты 
болуына  қарамастан,  оған  оның  барлық  ресурстарын  іске  қосуға 
мүмкіндік  беретін  ОЖ  қажет  (WindowsServer2012,  NovellNetWare 
немесеUNIX/Linux).  Сондай-ақ  серверлер  үшін  оларға  компьютерлік 
желімен  өзара  әрекет  жасауға  мүмкіндік  беретін  арнайы  қосымшалар 
қажет. Мысалы, web-серверде WindowsNT жәнеMicrosoftIIS қолдануға 
болады. 
Серверлік  бағдарламалық  жасақтама  –    бұл  клиенттің  сұрауы 
бойынша сервистік (қызмет көрсету) функцияларын орындайтын және 
оған  белгілі  бір  ресурстарға  немесе  қызметтерге  қолжетімділігін 
ұсынатын есептеуіш жүйенің бағдарламалық құрамдауышы. 
Сервер  және  клиент  ұғымдары,  оларға  бекітілген  рөлдер  «клиент-
сервер» бағдарламалық тұжырымдамасын құрайды (1.1-сурет). 
Клиентпен  (немесе  егер  бірнеше клиенттермен  біруақтылы  жұмыс 
қолдау  тапса,  клиенттермен)  өзара  іс-қимыл  жасау  үшін  сервер 
процессаралық  өзара  іс-қимылдың  қажетті  ресурстарын  (бөлінетін 
жады, пайп (атаулы арна), сокет (бағдарламалық интерфейс) және т.б.) 
бөледі  және  қосылысты  ашуға  сұрауларды  (ұсынылатын  сервиске 
сұрауларды) күтеді. Осындай ресурстың түріне байланысты сервер бір 
компьютерлік жүйенің шегінде процесстерге немесе деректерді тарату 
арналары  (мысалы,  COM-порты)  немесе  желілік  қосылыстар  арқылы 
өзге машиналардағы процесстерге қызмет көрсете алады.  
Клиенттердің  сұраулар  және  серверлердің  жауаптар  форматтары 
хаттамамен  анықталады.  Ашық  хаттамалар  ерекшелігі  ашық 
стандарттармен  сипатталады,  мысалы,  Интернеттің  хаттамалары  RFC 
(техникалық  ерекшеліктер  мен  стандарттарды  қамтитын  Интернеттің 
нөмірлерген  ақпараттық  құжаттар  сериясынан  алынған  құжат) 
құжаттарында айқындалады.  
Орындалатын  міндеттерге  байланысты,  бір  серверлер  қызмет 
көрсетуге сұраулар болмағандықтан, күтіп тұрып қалуы мүмкін. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет