119
файлдардың бірнеше топтары құралады. Бұл жойылған файлдар
түсетін
Кәрзеңке(RecycleBin)папкасының іші,
оған
түсетін
файлдардың көбі түпкілікті жоюға арналған. Одан әрі Интернетпен
жұмыс жасау кезінде компьютерде пайда болған файлдарды
қамтитын
TemporaryInternetFiles(Интернеттің
уақытша
файлдары)папкасы болады. Осы файлдар сіз болған web-
парақшаларды қайтадан тез қарау үшін арналған және оларды жою
кезінде ештене болмайды.
Көптеген бағдарламалар өз жұмысы кезінде өңделетін
ақпараттың қандай да бір бөліктерін сақтау үшін уақытша файлдар
құрылады. Windows осындай файлдар үшін ТЕМР арнайы папкасы
көзделген. Кей кезде осы файлдар оларды пайдаланған
бағдарламалардың жұмысы аяқталғанымен жойылмайды. Осы
файлдарды жою үшін арнайы топ көзделген. Тазалау үшін
файлдардың бірнеше басқа топтары ұсынылады. Файлдардың
топтарын жою үшін
Дискіні тазалау диалогының терезесінде тиісті
жалаушаларды орнату қажет. Кей кезде қажет емес файлдарды
жою дискідегі орынның жетіспеушілік проблемасын шешпейді.
Осы жағдайда, жүйе Windows құрамдауышының
немесе орнатылған
бағдарламалардың бөлігін жоюды ұсынады.
Дискіні тазалаубағдарламасы – компьютердің қатты дискісінде
жиналған қажет емес файлдардан құтылудың ең қауіпсіз құралы.
Дискіні тазалауқажет емес файлдарды тиімді жояды, алайда қандай
да бір маңызды файлдарды жоймайды және қателіктер жасамайды.
Дискіні тазалаубағдарламасын стандартты қосу: Іске қосу /
Барлық бағдарламалар / Стандартты / Қызметтік /
Дискіні
тазалау(4.8-сурет).
Әкімші режимінде жұмыс жасалса, онда
Жүйелік файлдарды
тазалау батырмасы қолжетімді болады. Әкімші атынан қосу
жүйелік файлдарды тазалауға, сондай-ақ тазалаудың екі қосымша
тәсіліне бірден қолжеткізуге мүмкіндік береді (4.9-сурет). Әкімші
атынан утилита қосылмаған жағдайда, жүйелік файлдарды
тазалауға кешіреу өтуге болады, алайда утилита дискінің
сканерлегенше, күту қажет болады.
Дискіні тазалау бағдарламаны іске қосу қолмен, сондай-ақ
автоматты түрде жүргізуге болады. Автоматты түрде қосу жүйеде
орнатылған шектелімге қарағанда дискіде бос орын аз қалғанда
болады. Бұл ретте, ол туралы ескертетін диалог пайда болады.
Егер бірнеше диск болса, онда қосу кезінде осылардың
қайсысында тазалау жүргізілетінін таңдап алу керек.
Дискіні
тазалау қолдағы бар файлдарға байланысты өзгереді.
121
Әдетте, жүйелік дискілер үшін
Кәрзеңке тармағы ғана
қолжетімді.
Жүйелік диск үшін бірнеше тармақтар бар.
1.
Downloaded Program Files.
2.
Интернеттен уақытша файлдар.
3.
Кәрзеңке.
4.
Уақытша файлдар.
Қалған тармақтар файлдар болған кезде ғана көрсетіледі:
■
Temporary Setup Files;
■
Debug dump files;
■
Chkdsk бағдарламасының ескі файлдары;
■
Windows алдыңғы орнату;
■
Журнал
файлдарын ретке келтіру;
■
Жүйелік қателіктер үшін жады
дампаның файлдары;
■
Жүйелік қателіктер үшін минидамп файлдары
(minidump, бір
процессордың, ядроның немесе барлық ОЖ жұмыс жадын
қамтитын);
■
Windows орнатудың
уақытша файлдары;
■
Эскиздер;
■
Windows жаңартумен тасталған файлдар;
■
Қателіктер туралы есептердің
пайдаланушы архивтері;
■
Қателіктер туралы есептердің
пайдаланушы кезектері
;
■
Қателіктер туралы есептердің жүйелік архивтері
;
■
Қателіктер туралы есептердің жүйелік кезектері
;
■
Windows жаңарту журналының файлдары.
Дискіні
тазалау терезесінің Қосымшасында таңдауға болады:
■
Б
ағдарламалар
мен
құрамдауыштар.Қолданылмайтын
бағдарламаларды жоюға болатын басқару панелінің « Бағдарламалар
мен құрамдауыштар» құрамдауышын ашады. «Бағдарламалар мен
құрамдауыштар» құрамдауышында
Өлшем бағанасы әр бағдарламамен
дискілік кеңістіктің қандай көлемі
қолданылатыны көрсетіледі;
■
Жүйені қалпына келтіру және көлеңкелік көшіру. Соңғысын
қоспағанда, барлық қалпына келтіру нүктелерін жою. Жүйені қалпына
келтіру жүйелік файлдарды алдыңғы жағдайға қайтару үшін қалпына
келтіру нүктелері қолданылады. Егер компьютер істен шықпай жұмыс
жасаса, дискіде орынды босату үшін алдыңғы қалпына келтіру
нүктелерін жоюға болады.
Windows7 кейбір шығарылымдарында
қалпына келтіру нүктелері көлеңкелік көшірмелер деп аталатын
файлдардың алдыңғы версияларын және WindowsCompletePC
архивациялау арқылы құрылғын архивтердің кейпін қамтиды. Осы
файлдар мен кейіптерді жоюға болады.