Байланысты: Мезенцев Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер. Оқулық
• қалайтын нəтижеге жету үдерісін белгілеу;
• үдерістің «кірісі» мен «шығысын» белгілеу жəне орнату;
• үдерісті ұйымның функцияларымен үйлестіру;
• ықтимал қатерлерді бағалау;
• үдерісті басқаруда өкілеттіктерді, жауапкершілікті жəне есеп
берушілікті анық үлестіру;
• үдеріс қатысушыларын анықтау (тұтынушыларды жəне
жеткізушілерді);
• үдерістің кезеңдерінде шешім қабылдау үдерісіне назар аудару.
Осы қағидат негізінде жүйені əзірлеу үш үдерісті белгілеуді талап
етеді: жүйені жобалау; жүйені əзірлеу; жүйені құру жəне оны тапсырыс
берушіге жеткізу.
Сапаны жаппай бақылауды қамтамасыз ету үшін жүйені əзірлеуге
қатысатын əр үдерісте ресурстарды пайдалануды оңтайландыру қажет.
Бұл ретте жүйені құруға жұмсалатын шығындарды барынша азайтуға
тырысу қажет.
TQM əдістемесінің сапаны қамтамасыз етуге қойылатын талаптарын
тек жүйелік тəсілдеме негізінде қамтамасыз етуге болады. бұл ретте «сапа
тізбектері» бақыланады. Сапа тізбектері дегені ақпараттық жүйелерді
жəне қызметтерді өндірушілер мен түпкі пайдаланушылар арасындағы
байланысты түсіндіреді.
Сапаны жүйелік басқару қағидатын іске асыру үшін мынадай амалдар
пайдаланылады:
154
• əзірленетін жүйені оларды іске асыру тұтынушының қажеттіліктерін
қанағаттандыратын өнімді алуға мүмкіндік беретін үдерістер жиынтығы
ретінде қарастыру;