Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»


ISO/IEC 15288 бойынша ӛмір циклінің үдерістері



Pdf көрінісі
бет13/139
Дата06.01.2022
өлшемі4,15 Mb.
#14334
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   139
Байланысты:
Мезенцев Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер. Оқулық

ISO/IEC 15288 бойынша ӛмір циклінің үдерістері 
Үдеріс  
Қысқаша сипаттамасы 
Шарттық 
Жүйені сатып алу, жеткізу   
Жобалық 
Жобаны 
жоспарлау, 
бағалау, 
бақылау; 
тəуекелдіктерді,  конфигурацияларды,  ақпараттық 
ағымдарды 
басқару; 
шешімдерді 
қабылдау; 
сүйемелдеу, кəдеге жарату 
Техникалық 
Талаптарды  анықтау  жəне  таладу,  архитектураны 
əзірлеу,ықпалдастыру,  тексеру;    ауысу,  аттестаттау, 
пайдалану   
Кəсіпорын 
Кəсіпорынның 
қоршаған 
ортасын 
басқару, 
инвестициялық 
үдерісі 
басқару,  жүйенің  өмір  циклін  басқару,    ресурстарды 
басқару, сапаны басқару 
Арнайы  
Жүйенің  міндеттері  мен  мақсаттарына  сүйене 
отырып, ондағы өзара байланыстарды айқындау жəне 
орнату   
 
4) 
ақпаратты беру əдістері мен құралдарын белгілеу; 
5) 
деректерді сақтау жəне өңдеу технологияларын таңдау немесе 
əзірлеу; 
6) 
деректерді өңдеу алгоритмдерін əзірлеу немесе таңдау. 
Ақпараттық синтездің маңызды кезең жүйенің деректер қорында 
ақпаратты  сақтау  технологиясын  таңдау  болып  табылады,  өйткені 
осы  технология  жүйені  жобалаудың  бұдан  былайғы  үдерісін  жəне 
оны  пайдалану  əдісін  белгілейді.  Әзірлеу  деректер  қоры  файлының 
стандартты  форматын  пайдалану  жəне  файлдық  жүйе  деңгейінде 
деректер қорын құру жолымен жүргізілуі мүмкін.      
Стандартты  форматты  пайдалану      осы  жүйені  əзірлеу  үшін 
нақты  ДҚБЖ  көздейді.  Файлдардың  мынадай  форматтары  ең  көп 
таралған: DBF —   FохPrо ДҚБЖ; DB —   Pаrаdох ДҚБЖ; MDB —  
MS ACCESS ДҚБЖ; MDF —  MS SQL Sеrvеr ДҚБЖ. 
Бұл тəсілдеме мынадай артықшылықтарды береді: 
а)  деректер қоры жазбаларымен қосу, жою, навигация, іздестіру, 
редакциялау,  индекстеу  сияқты  базалық  операцияларды  əзірлеу 
немесе бағдарламалау талап етілмейді; 
7) 
деректер  қоры  құрылымына  қызмет  көрсету  үдерісі 


27 
 
автоматтандырылған, мысалы кестелерді құру, олардың құрылымын 
өзгерту; 
в)  деректердің 
қағаз 
тасымалдағышындағы 
есептілік 
нысандарын құру үшін   сервис ұсынылады. 
Кемішілік  ретінде  ақпараттық  жүйенің  жұмысы  үшін  тапсырыс 
берушінің ЭЕМ-ға құрылған жүйені ғана емес, тиісті бағдарламалық 
қамсыздандыруды  да  орнату  қажеттілігін  атап  өту  қажет.  Айта 
кететіні,  деректер  қорының  стандартты  форматына  бағдарланған 
жүйе екі əдіспен іске асырылуы тиіс: 
1) 
ДҚБЖ қолданбалы ортасын пайдалану жолымен
2) 
Oперациондық жүйе басқаруында жұмыс істейтін автономдық 
қосымша ретінде пайдалану есебінен, бұл ретте деректермен жұмыс 
ДҚБЖ ядросы арқылы іске асырылады.   
Тиісінше бірінші жағдайда қосымша ДҚБЖ, ал екінші жағдайда 
–  ДҚБЖ  ядросы  құратын  деректерге  қолжетімдік  компоненттерін  
орнатуқажет.    Екі  жағдайда  да    деректерге  бағдарламалық  қол 
жеткізудің  белгілі  бір  ақпараттық  технологияларын  таңдау  қажет.   
Мысал  ретінде  MS  ACCESSДҚБЖ  келтіреміз.  Осы  ДҚБЖ  үшін 
ақпараттық  жүйелерді  əзірлеу  MDB  деректердің  стандартты 
форматын пайдалану жолымен жүргізіледі. 
Егер  деректер  қоры  файлының  стандартты  форматына 
бағдарланған  жүйе  құрылатын  болса,  ондаəзірлеу  үшін  мынадай 
құралдар мен технологиялар тартылады: 
• 
ДҚБЖ пайдаланушысының қолданбалы ортасы
• 
VisualBаsiс  forAррliсаtiоn  (VBA)  қолданбалы  бағдарламалық 
қамсыздандыруды əзірлеудің ішіне салынған қосалқы жүйесі; 
• 
Dаtа  AссеssObjесts  (DAO)  немесеAсtivеXDаtа  Objесts  (ADO) 
қолжетімділік технологиясы. 
Автономды  жүйені  құрған  кезде  MiсrоsоftVisualBаsiс  либо 
MiсrоsоftVisuаlC  визуалды  бағдарламалау  ортасы  пайдаланылады. 
Ары  қарай  DAOнемесеADOдеректерге  қол  жеткізу  технологиялар 
арасында таңдау жасалады.   
Деректер қорын файлдық жүйе деңгейінде құру   деректер қоры 
дискілік  файл  түрінде  сақталатынын  көздейді,  оған  операциялық 
жүйе  құралдары  арқылы  қол  жеткізуге  болады.  Бұл  ретте  осы 
технологияның  мынадай  ерекшеліктерін  ескеру  қажет:    деректерді 
сақтау, 
редакциялау 
жəне 
жазбалар 
бойынша 
навигация 
алгоритмдерін  əзірлеу  талап  етіледі;  деректер  қорының  құрылымы 
оған қызмет көрететін бағдарламаға «байлаулы». Бұл ерекшеліктерді 
кемшіліктер ретінде қарастыруға болады, бірақ   осындай жүйе оның 
əлеуетті пайдаланушылары арасында еркін таралуы мүмкін, өйткені 
бағдарламалық  өнімнің  компиляциясынан  кейін  тұтынушының 
ЭЕМ-де  тек  тиісті  операциялық  жүйені  орнату      ғана  талап  етіледі 


28 
 
жəне  ешқандай  қосымша  бағдарламалық  қамсыздандыру  талап 
етілмейді.   
Дискілік  файлдарды  пайдаланатын  жүйелерде  деректерді 
сақтаудың  базалық  технологиясы  ретінде  деректерге  тікелей  қол 
жеткізу  технологиясын  таңдайды.  Бұл  ретте  файлдардағы  деректер 
оларды жазба ретінде қарастыруға болатын ұзындығы тиянақталған 
байттар блоктары болып табылады  (1.8 сур.). 
Құжаттық  ақпараттық  жүйелерді  құрған  кезде  ASCII  немесе  ANSI 
кодтарының реттілігі  болып есептелетін,  арнайы басқарушы  кодтар 
арқылы  жолдарға  ұйымдастырылған мəтіндік  файлдар  пайда болуы 
мүмкін. 
 
1.8.  сурет.  Екілік  файлдың 
құрылымы.  Деректер  блогына 
өту 
үшін 
сілтегіш 
пайдаланылады  
1.9.  сурет. Мəтіндік файлдың 
жалпы құрылымы: 
Х  —  символдардың  коды;  LF 
—  жолды  қалдырып  кетудің 
басқарушы  коды;  CR  — 
жолдың 
басына 
көшудің 
басқарушы  коды;  EOF  — 
файлдың  соңын  тіркеу  үшін 
басқарушы код   
 
Мəтіндік    файлдар,  сондай-ақ,    есептік  нысандарды  сақтау  
сақтау үшін де қолданылады (1.9 сур.). 
Ақпараттық  жүйенің  параметрлік  синтезі  жұмыс  үшін  маңызды 
көрсеткіштер  жиынтығын  таңдау  жолымен  жүргізіледі.    Синтездің 
міндеті  көбінесе  осы  көрсеткіштердің  мағыналарын  мынадай 
формула бойынша барынша азайтуда тұрады 
P{
 
 
     
 
       
 
 
}
 min, онда р
п
 — нақты көрсеткіш. 
Кейбір  жағдайларда  осындай  көрсеткіш  ретінде  максималды 
немесе  минималды  мағынасына  ие  болуы  тиіс  бір  көрсеткішті 
таңдайды.    Мысалы,  пайдаланушылар  тарапынан  деректерге  қол 
жеткізу уақытының  ең аз мөлшері.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   139




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет