Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»


ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ ҮЙ  КАТАЛОГЫ



Pdf көрінісі
бет145/220
Дата25.02.2022
өлшемі2,22 Mb.
#26438
түріОқулық
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   220
ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ ҮЙ  КАТАЛОГЫ 
 
Операциялық  жүйеде  жұмыс  істейтін  әр  пайдаланушыға  жеке 
файлдарын сақтайтын және жұмыс жасауға арналған каталогтар бөлінеді. 
Мұндай  каталог  дәстүрлі  үй  каталогы  деп  аталады.  Әдетте  үй 
каталогтары  пайдаланушының  логиніне  сәйкес  келетін  атауларға  ие  
және  /home  каталогында  орналасқан.  Мысалы  sergey  пайдаланушысы 
үшін үй каталогы әдетте   /home/sergey атауына ие. 


 
138 
 
Үй  каталогын  атаулы  жолмен  көрсету  үшін  ~  мнемоникасы 
қолданылады.  Мысалы  өзіңіздің  үй  каталогыңызға  өту  үшін  команданы 
енгізу қажет.  Үй каталогының dirname шағын каталогына өту үшін 
 
 
 
 
cd ~/dirname  
командасын енгізу қажет. 
Пайдаланушының  белгілі  логинмен  үй  каталогына  өту  үшін  ~name>  мнемоникасы  қолданылады.  Мысалы,    nick  пайдаланушысының 
үй каталогына өту үшін  
cd ~nick    
енгізуі талап етіледі. 
Осы  ретте  «бөгде»  үй  каталогына  өту,  осы  каталогқа  қолжеткізу 
құқықтары  жеткілікті  болғанда  ғана  жүзеге  асады    (6.4  тармағын 
қараңыз). 
Бұдан  басқа,  үй  каталогының  атауы  дәстүр  бойынша,  $HOME 
айнымалы шеңберінде тұрады. Сәйкесінше, кез келген уақытта  
cd $HOME   
командасының көмегімен, өзінің үй каталогына өтуге болады.   
Бұл  айнымалының  мәнін  BASH  құралдарымен  өзгертуге  болады, 
бірақ  былай  жасауға  кеңес  берілмейді  —UNIX  жүйелік  утилиттардың 
көбісі  бұл  айнымалының  мәнін,  бұл  бағдарламалардың  баптауларымен 
бірге  файлдарды  сақтау  үшін  мүмкін  болатын  жолдарды  анықтау  үшін 
қолданады.  Егер  $HOME  айнымалысында  еркін  мәндері  көрсетілсе, 
баптауларды  сақтау  мүмкін  емес    болады,  ал  кейбір  бағдарламалар 
жұмысқа қабілетсіз болып қалады.  
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   220




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет