137
password:
Егер пайдаланушымен енгізілген есептікке алу деректері (логин) мен
пароль дұрыс болса, онда жүйеге кіру жүргізіледі және негізгі
командалық интерпретатор іске асырылады, яғни пайдаланушының
жүйедегі жұмыс сеансы кезіндегі белсенді болып табылатын,
командалық интерпретатор. Бұл командалық интерпретатордың
аяқталуы, пайдаланушы жұмыс сеансын аяқтайды. Әдеттегідей
жүйелердің көбісі, пайдаланушылар үшін BASH командалық
интерпретаторы колданылады.
Егер жүйенің пайдаланушысы адам болып табылса, жоғарыда
қарастырылғандардың бәрі әділетті. Дегенмен бұл әрқашан дұрыс
болмайды - жүйенің пайдаланушысы ретінде, операциялық жүйе
ұсынатын, обьектіні пайдалану құқығы бар, кез келген обьекті болуы
мүмкін. Мұндай құқықтарға үлгі болып, нақты файлдарға қол жеткізу
құқықтары қызмет етеді, бағдарламалар орындалуының іске қосылуы,
басып шығару құрылғыларына қол жеткізу.
Пайдаланушылардың рөлінде, белгілі бір құқықтар жинағымен іске
асырылатын бағдарламалар болуы мүмкін. Мұндай бағдарламалар нақты
пайдаланушының атымен іске асырылады, мұндай жағдайда олар
псевдопайдаланушы деп аталады
. Мысалы, UNIX- жүйедегі типті
псевдопайдаланушы — mail есептікке алу деректері бар пайдаланушы.
Бұл пайдаланушының атына, электронды пошталардың хабарламалар
кезегін басқару, хабарламаларды жеткізу және мекенжайларға
тасымалдау
жүргізіледі.
Қарапайым
пайдаланушы,
әдетте
псевдопайдаланушы атымен жүйеге кіре алмайды, себебі жүйеге кіру
шақыртуының көмегімен қолжеткізу мүмкіндігі, псевдопайдаланушылар
үшін блокталған.
Қарапайым пайдаланушылар мен псевдопайдаланушылардан басқа,
жүйеде жүйе әкімшісідің қызметін атқаратын, ең кемі бір
суперпайдаланушы бар. Бұл пайдаланушыда операциялық жүйемен
ұсынылатын, барлық ресурстарға қолжеткізу мүмкіндігі бар. UNIX-
жүйелерінде бұл пайдаланушы әдетте root есептікке алу деректерге ие.
Достарыңызбен бөлісу: