Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»


ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫ СӘЙКЕСТЕНДІРУ



Pdf көрінісі
бет146/220
Дата25.02.2022
өлшемі2,22 Mb.
#26438
түріОқулық
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   220
Байланысты:
қазақша кітап

 ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫ СӘЙКЕСТЕНДІРУ 
 
Жүйенің  әр  пайдаланушысы  берілген  жүйенің  шегінде  бірегей 
есептікке  алу  деректеріне  (логин)    ие  болады.  Бірақ,  бұл  атау  тек 
пайдаланушының  ыңғайлылығы  үшін  тағайындалады  —  операциялық 
жүйе  пайдаланушыларды  бірегей  идентификаторы  бойынша  айырады 
— UID (User IDentifier). UID идентификаторы бүтін санды, үлкен немесе 
нөлге тең санды ұсынады. UID, пайдаланушының есепке алу аты сияқты 
бірегей. 
Одан  басқа,  әр  пайдаланушы  үшін  UID  және  логин,  пароль, 
паспорттық  атауы,  үй  каталогына  жол,  әдеттегідей  командалық 
интерпретатордың  орындалатын  файлының  толық  атауынан  тұратын 


 
139 
 
жүйелік  және  анықтамалық  ақпараттарды,  атрибуттар  жинағын 
анықтайды.    Бұл  ақпараттар  /etc/passwd  файлында  сақталады.  Әр 
пайдаланушы  туралы  ақпарат  жеке  жолда  тұрады,  атрибуттары  «:»  қос 
нүктемен  бөлінген.  Атрибуттардың  сатылығы  мынадай:  тіркеме  атауы, 
пароль (қысқартылған түрде) 6 пайдаланушының идентификаторы (UID), 
топтардың  идентификаторы    (GID),  паспорттық  атауы,  үй  каталогына 
жол  және  командалық  интерпретатордың  толық  атауы.  Мысалы,  UID 
1001 ие пайдаланушы Вася Пупкин, /etc/passwd файлында келесі жолмен 
ұсынылады: 
vasya:Fes8s9xapl:1001:10:Vasya Pupkin:/home/vasya:/bin/bash 
Пайдаланушы әрқашан бір немесе бірнеше пайдаланушылар тобының 
мүшесі  болып  табылады.  Егер  де  пайдаланушы,  жүйеге  қолжетімділігі 
бар  тек бір адам болса, онда ол минимум «Жүйенің пайдаланушылары» 
(әдетте  users  атауымен)  немесе  «Әкімгерлер»  тобының  (әдетте  root 
атауымен) мүшесі болып табылады.  
Пайдаланушылар 
тобы 
— 
тізім 
ретінде 
берілетін, 
пайдаланушылардың  көпшілігі.  Пайдаланушылардың  топқа  бірігуі, 
әдетте  пайдаланушылармен  орындалатын  міндеттерді  шектемеу 
принципі  бойынша  жүргізіледі.  Осылай,  жеке  топтарға  жүйенің 
әкімгерлері бөлінеді.  
 «Білімді  бақылау»    жүйесінде  пайдаланушылардың  келесі  топтарын 
бөлуге  болады:  жүйенің  өңдеушілері,  студент,  оқытушы.  Осылай 
топтарға бөліп, бірінші кезекте пайдаланушылардың жүйеге рұқсатының 
әр түрлі деңгейлеріне ие болуымен байланысты.  
Осылай, өңдеуші, жүйенің негізін құрайтын тапсырмаларын жаңалап 
отыруға  және  жүйенің  каталогтар  құрылымын  жетілдіре  алатын 
мүмкіндікке ие болуы керек; оқытушы бақылау жұмыстарының базасын 
жаңалауға  және  орындалған  жұмыстарды  тексеретін  құқыққа  ие  болуы 
керек,  ал  студент  —    алынған  жұмыстарды  қарау  және  орындау 
мүмкіндігіне ие болады.  
Жүйенің жұмыс каталогтарының атауларына сәйкес келетін, жүйенің 
өңдеушісі  devel  есептікке  алу  деректердің,  оқытушы—  teacher, 
студенттер — ерікті атауға ие болады.  Одан басқа, teacher және devel  - 
кейбір каталогтарға студенттердің қол жеткізу құқығын шектейтін teacher 
тобына кіреді. 
Әр  топ  бірегей  есептікке  алу  деректері  мен  GID  тобының    бірегей 
идентификаторына (Group IDentifier) ие болады.. 
Жүйеде  анықталған  топтар  туралы  ақпараттар,  /etc/group  файлында 
сақталады.  Әр  топ  туралы  ақпарат  жеке  жолда  орналасады,  топтардың 
атрибутттары  «:»  қос  нүкте  символдарымен  бөлінген.    Атрибуттардың 
сатылығы 
мынадай: 
топтардың 
тіркеме 
атаулары, 
топтардың 
жағдайларының 
жалауы 
(әдетте 
«*» 
символы), 
топтардың 


 
140 
 
идентификаторы    (GID),  үтірмен  белгіленетін,  топтарға  кіретін 
қолданушылардың  тізімі.  Файл  жолының  үлгісі  /etc/group  төменде 
көрсетілген: 
users:*:1001:sergey,nick,alex 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   220




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет