Жүйелік блокты артқы панелімен өзіңізге қарай қойыңыз.
Аналық тақтаның болуына немесе USB жалғағыштарының жоқтығына қарай форм- фактор орнатыңыз.
Келесі жалғағыштардың орналасуын орнатыңыз.
■ Жүйелік блоктың электрқоректенуі;
■ Монитордың;
■ тышқан;
■ желілік кабель;
■ тізбекті порттар; ■ параллельді порт.
Жүйелік блоктың артқы панеліне шығарылған кейбір жалғағыштардың өзара алмасатынына көз жеткізіңіз, яғни базалық құрылғы бірнеше тәсілдермен қосылады.
Дыбысты карталар болса, олардың жалғағыштарын қараңыз. Келесі жалғағыштардың орналасуын орнатыңыз. ■ микрофонның қосылуы;
■ сыртқы күшейткішке сигналдың шығуы;
■ сыртқы электромузыкалық құралдар мен компьютерлік ойындарды басқарушы құралдардың (джойстик, джой- пад, геймпаджәне т.б.) қосылуы.
Тышқанның қосылу жолдарын үйреніңіз. Тышқан тізбекті порт жалғағышына немесе дөңгелек формалы жалғашы бар арнайы PS/2 портына, сондай ақ USB интерфейс жалғашына қосылуы мүмкін.
Жасалған жұмыс туралы дәптеріңізге есеп рәсімдеңіз.
ЖҮЙЕЛІК БЛОК БӨЛІКТЕРІНІҢ ҚОСЫЛУЫН ТАЛДАУ
Компьютерлік жүйені қорек көзінен ажыратыңыз.
Жүйелік блоктың корпусын ашыңыз.
Қоректендіру блогының орналасуын орнатыңыз.
Аналық тақтаның орналасуын орнатыңыз.
Аналық тақтаның қоректену блогына өзіне тән қосылуын орнатыңыз.
Қатқыл дисканың орналасуын орнатыңыз. Оның қоректену жалғағышының орналасуын орнатыңыз. Қатқыл дисканы аналық тақтамен байланыстырушы шлейф сымдарының бағытын қараңыз.
CD-ROM дискі енгіші мен оңтайлы дискілердің енгізіші орналасуын орнатыңыз. Олардың аналық тақтаға және қоректені блогына қосылуын қараңыз.
Дыбысты карта мен бейне адаптер тақтасының орналасуын орнатыңыз.
Дәптерге жасалған жұмыс жайында есепті рәсімдеңіз.