ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕМЕН ҮЙЛЕСІМДІЛІГІН ТЕКСЕРУ Жаңа құрылғыны және бағдарламалық қамтамасыз етуді қондыру кезінде олардың операциялық жүйемен үйлесімділігін тексеру қажет. Үйлесімділігі екі бағытта қарастырылады.
Аппаратты үйлесімділік. Аппаратты үйлесімділікке операциялық жүйенің дұрыс жұмысына қажетті, компьютерлік талаптарды құрайтын физикалық сәйкестігі кіреді.
Бағдарламалық үйлесімділік. Бағдарламалық үйлесімділікке қолданушы пайдаланатын қосымшалар, оның ішінде құрылғылар драйвері кіреді. Егер операциялық жүйе үшін сәйкес келетін драйвер болмаса, онда аппаратты бөлігі жұмыс жасамайтын болады.
Драйверлер, компьютердің аппаратты және бағдарламалық құрауыштарының арасында аралық орынды алатындықтан, бағдарламалық қамтамасыз ету бөлігінің бұл үйлесімділігі, бірінші, екінші категорияға да жатады. Аппаратты және бағдарламалық құрауыштарының үйлесімділігін тексеру үшін келесі бағдарламаларды пайдалануға болады:
■ Windows 7 Upgrade Advisor 2.0утилиты– бұл берілген
бағдарламалық қамтамасыз ету, аппараттық (hardware) және бағдарламалық (software) конфигурацияларының Windows 7операциялық жүйеге үйлесімділігін тестілеуге арналған. Тестілеу аяқталған соң Upgrade Advisor есеп құрады. Берілген қосымша кішігірім мекемелеріне немесе қолданушының үй компьютерлеріне сай. Егер 20 данадан бастап, саны одан көп компьютерді үйлесімділікке тексеру қажет болса, онда бұл бағдарламаны іске қосу, әр компьютерде есепті сақтап отыру ыңғайсыз, мұндай қосымшаларды үлкен мекемелерде қолдану тиімсіз. Осындай мақсатта, MAP (Microsoft Assessment and Planning Toolkit) және ACT (Microsoft Application Compatibility Toolkit) бағдарламалық өнімдері әзірленген.
2.10- сурет. Қолдау және анықама орталығы
■ MAP 4.0 – бұл қосымша тек тұтынушылық операциялық жүйелер мен қосышаларды ғана емес, және серверлікті де талдауға мүмкіндік береді. Ірі желілерде қолданылады және өзінің жұмысында қуатты құралдарды пайдаланды, мысалы желі бойынша сканерлеп алу және мәліметтерді (БД) SQL мәліметтер базасына сақтап алуы. Негізгі тіректі аппаратты қамтамасыз ету үйлесімділігіне жасады.
■ ACT 5.6 – үйлесімділік мәліметтері бойынша ғана емес, олардың ісәрекетін талдай отырып, қондырылған бағдарламалардың үйлесімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Егер мекемелерде аз танымал немесе өзінен жазылған қосымшалар қолданылса, бұл бағдарлама ерекше маңызды.
Үйлесімді қосымшалар туралы мәлімет жинап болған соң, ОС Windows7-те үйлесімсіз қосымшалардың іске қосылуын қарастырамыз. Ол үшін Microsoft компаниясының екі технологиясы аранлған: Үйлесімділік режимі (Compatibility Mode) және Режим Windows XP (Windows XP Mode).
Windows XP-тен бағдарламалар мен құрылғылардың үйлесімділігін тексеру үшін келесі командаларды орындаған жөн: Іске қосу, Анықтама және қолдау көрсету, Windows XP үшін бағдарламалар мен құрылғылардың үйлесімділігін іздеу.(2.10 сурет).