БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ Компьютердің апгрейд дегеніміз не?
Компьютердің конфигурациясын өзгертудің негізгі бағыттары айт.
Компьютердің конфигурациясын қандай тәсілдермен анықтауға болады?
Орталық процессорда:
■ өндіруші – Intel компаниясы;
■ модель және коддық аты – Core i7 құрамасы Lynnfield; ■ қосқыш типі – Socket 1156; ■ ырғақтылық жиілігі – 2,8 ГГц.
Целесообразен ли апгрейд процессора в этом случае? Ответ обоснуйте.
Бейнекарталарды қосу үшін қандай қосқыштар типін білесіз?
GeForce GTX 580 графикалық адаптері бар. Қазіргі уақытта ол жетілдіруге мұқтаж ба?
SDRAM, DDR, DDR2 и DDR3 жазбалары нені білдіреді?
Қандай жағдайда қатқыл дискінің апгрейдті, өнімділікті арттыру үшін өндіру дің мәні жоқ. Өзіңнің жауабыңды түсіндір.
Басқа құрауыштарды жетілдірусіз жүйелік тақтаны алмастыру орынды ма?
Компьютердің қорек блогының рөлі қандай? Қандай жағдайда оны алмастыруға болады? 11. Суыту жүйесін жетілдіру негізгі бағытын құрастырыңыз?
3.3.
ЖҮЙЕ ӨНІМДІЛІГІН АРТТЫРУ. ЖЕДЕЛДЕТУ (ОВЕРКЛОКИНГ) Процессор немесе оперативті, сондай-ақ басқа да құрауыштардың жұмыс жылдамдығы, жүйелік тақтада орналасқан ырғақтылық жиілігі мен интервалдарға байланысты болады. Бұл параметрлерді өзгерте отырып, жүйе жұмысын арттырылған немесе азайтылған жиілікте, яғни аз немесе көп жылдамдықта жұмыс жасатуға болады. Құрылғы өндірушінің берген мәндерімен салыстырғанда, жұмыс жиілігін арттыру – жеделдету (overclocking) деп аталады. Өндірушілер құрылғыларды әрі қарай әзірлеу үшін әрдайым нақты «беріктілік қорын» қалдырып кетеді, бұл эксплуатация мерзімінің барлығында сенімді жұмыс жасау үшін қажетті.
Процессорлар, жады чиптері және басқа да құрауыштар үшін жұмыс жиіліктері, жүйелік тақтадағы ырғақтылық генераторының көмегімен қондырылады. Бұл жиіліктерді BIOS-пен реттеуге болады және жеделдету бірнеше параметрлерді қарапайым өзертуімен орындалады. Жеделдету туралы шешім қабылдар алдында, келесі проблемаларды есте ұстаған жөн:
■
Компьютер жұмысының тұрақсыздығы, істен шығу немесе қатып қалу, жеделтілген құрауыштардың жоғары жиілігіне байланысты;
■
Өте жоғары жұмыс жиіліктері кесірінен, компьютерді қосу немесе операциялық жүйені жүктеудің мүмкін еместігі;
■
Жеделдетілген құрауыштардың қызмет ету мерзімі қысқартылған;
■
Кернеумен қоректенетін параметрлерді көп мөлшерді арттырғанда немесе ысып кету нәтижесінде компьютер құрауыштары істен шығады.