Процессорды жетілдіру. Орталық процессордың өнімділігін арттыруда екі жолын қолдануға болады:
■ қауіпсіз – оның мәні процессорды толық алмастыру болып табылады;
■ қауіпті – процессордың ырғақтылық жиілігін жеделдету. Бұл тәсілдің қауіптілігі, дұрыс суытылмауы кезінде, процессор толығымен істен шығуы мүмкін, сондай ақ аналық тақтаны істен шығаруы мүмкін.
Бейнекартаны алмастыру. Графикалық адаптерді алмастыру ойнатылатын бейнелердің сапасын, сондай-ақ графикалық есептеуіштерді өңдеудің жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді.
Қатқыл дискі көлемінің артуы. Қатқыл дисканың көлемі артқанда, жетілдіруге жататын компьютерге қосылған деректер жинағышына жазылуы мүмкін ақпараттың көлемі шектен аса артады.
Аталған іс-шараларды сапалы әрі тиімді жетілдіру үшін, бір-бірімен бірлесіп жасау ұсынылады, сонда жетілдіру нәтижелері тиімді болады.
Қолданушының нені есепке алатыны және компьютерді жаңарту орынды ма екендігін алдын ала анықтау қажет. Одан басқа, жаңа процессорды, бейнекарта мен оперативті жады көлемін арттыру үшін компьютердің жүйелік тақтасы – жаңа құрауыштардың сол немесе басқа да түрлерін көтеретініне көз жеткізу қажет. Мұның бәрін түсіну үшін қандай бөлшектердің дәл қазіргі сәтте ДК-да орналасқанын ұғу қажет, содан кейін алынған ақпараттар негізінде болашақ апгрейдтің перспективасын бағалайды.
Компьютердің конфигурациясын анықтаудың бірнеше тәсілі бар, оның ең қарапайымы – арнайы утилитарды пайдалану: мысалы, AIDA64 ExtremeEditor бағдарламасы (3.1 сурет) немесе PiriformSpeccy (рис. 3.2) тегін бағдарламасы. Онымен жұмыс жасауды қарастырамыз.
2-суретте көрініп тұрғандай, утилитті іске қосқаннан кейін, жүйелік ресурспен және операциялық жүйелерде қондырылған жалпы ақпарат көрсетіледі. Оның көмегімен қондырылған процессор жайында және оперативті жады, бейнекарта және т.б. қажетті құрауыштарының сипаттамасы туралы ақпараттарды оңай алуға болады.
Ең бірінші ДК өнімділігіне әсер ететін негізі бөлшектерді қарастырамыз.
Орталық процессор. Орталық процессор компьютердің өзіндік миы болып табылады және барлық математикалық есептерді жүзеге асырады. Бұл құрауышты шапшаңдау моделіне алмастыру – ДК-ны мүлдем жаңа деңгейге көтереді және барлық қосымшаларда оның өнімділігін арттырады.
– сурет . AIDA64 Extreme Editor
сурет. Piriform Speccy
сурет. AMD және Intel орталық процессоры
Бұл, мысалы, қайта кодтауды және бейнежазбаларды түзетуді, операциялық жүйе мен көптеген бағдарламаларды жүктеуді, күрделі инженерлік есептеуде және басқа да тапсырмаларды орындауды жылдамдатады.
Орталық процессор төртбұрыш пішінді микросхема ұсынады. Оған ырғақты жиілігі көп болса, соғұрлым көп болатын өлшемдері тікесінен шыққан жылуына байланысты – жылуды шығаратын радиатор және желдеткіш орналастырылады.
Дербес компьютерлер үшін орталық процессорларды екі фирма шығарады: AMD және Intel (3.3-сурет). Intel фирмасының өнімдерінің сипаттамасына жаңа технологияларды қолдауы мен тезәрекеттілігі жоғары болуы тән, ал AMD фирмасы тұтынушыларды өзінің бағасы/ өнімділігі сипаттамасының тиімді қатынасымен қызықтырады.
Енді Speccy утилитасын пайдалану уақыты келді және оның жүйесінде орналасқан процессор өндірушісін, сондай-ақ негізгі ерекшеліктерін анықтау керек (3.4- сурет). Бұл барлық ақпаратты Орталық процессор пунктінің жанындағы бағдарламаның басты терезесінен көруге болады.
Бізді, бұл құрауыш апгрейтіндегі мүмкін болатын түйінді негізіне жасауға болатын, төрт негізгі параметрлері қызықтырады.
■ өнімділігі – біздің мысалда Intel компаниясы;
■ моделі және кодтық аты – біздің жағдайда Lynnfield құрамынан Corei7;
■ қосқыш түрі – Socket (сокет) 1156;
■ ырғақтылық жиілігі – біздің мысалда?
Біріншіден, AMD компанияларымен бәкелесуші процессорлары бұл жағдайды жарамсыз болып қалады. Екіншіден, бұл аналық тақталарға біздер тек Socket 1156 қосқышына арналған Intel процессорын қондыра аламыз.
3.4- сурет. Процессордың өнімділігі және олардың сипаттамалары
Осылайша, болашақ апрейдке үміткерлерді іздестіру шеңбері азаяды. Ендігі жаңартулардың мақсатқа сәйкестілігін түсіну қалды. Мысалы, ізденіс жүйелерін немесе Уикипедияны қолданып, қазіргі уақытта Intel компаниясы толығымен дерлік Socket 1156 қосқышқа арналған процессорларды шығару тоқтатты, ізінше бұл платформаның болашағы жоқ және оған жаңа буын процессорлары да шығарылмайды. Біздің үлгіде, моделді қатарда ең өнімді Intelболып табылатын, Corei 7 құрама процессоры қондырылған. Және ең бірінші сызықты ұсыныстары Lynnfield Corei 7 берілген нұсқада 3,07 ГГц ырғақты жиілікке ие, бұл бар үлгіден 207 МГц-ден сәл үлкен.
Алған материалдарды талдағаннан соң, осы үлгі үшін процессордың апгрейді, жүйелік тақтаның алмастыруынсыз орынды емес.
Intel фирмасының процессорлары үшін апгрейдті, егер тақта жоғары санды индексті LGA 775 қосқыштарын немесе басқасын қолданатын болса ғана ойнатуға болады. LGA 478 базасындағы және басқасында жүйені жетілдіру қазіргі уақытта ешқандай мәнісі жоқ. Ең болашағы бар қосқыштарды LGA 1155/1156 және LGA 2011 атауға болады.
Сол сияқты AMD өнімдерін жаңарту үшін де өнімі AM2+ және одан жоғары розеткалары үшін мағынасы бар. Өнімділікке әсер етуші келесі компонент бейнекарта болып табылады. Оның негізгі шешімі монитордағы бейнелерді құрастырылуын құрайды. Көптеген жағдайларда жетілдіруді қазіргі үш өлшемді компьютерлік ойындармен үш өлшемді графикалық бағдарламалар әуесқойлары талап етеді. Егер ойындар баяу («тежеледі») жұмыс жасаса, онда негізгі себеп бейнекарта өнімділігінің жетіспеушілігі.
Қазіргі бейнекарталар күрделі есептеуішті құрылғылар болып табылады және негізгі компьютердегі көптеген қызметтерді орындай алады: онда өзінің арнайы графикалық процессоры мен радиаторлы желдеткіш және өзіндік бейнежады микросхемасы қондырылған. Физикалық графикалық адаптер, электронды элементтері орналасқан қажетінше қосымша қоректі жалғағыштары бар, жеткілікті үлкен тақта ұсынады. Монитордың сымы бейнекартаға қосылады.
Егер жүйелік тақтасында қазіргі PCI-E қосқышы болса, графикалық жүйешелері бар компьютердің жетілдіруі болады. Жаңа әрі өнімді графикалық процессорлы тақтасын сатып ала отырып, бейнеадаптерді жетілдіруге болады, бірақ бейне жадыны көбейту үшін ғана, бейнекартаны алмастыруға тұрмайды.
Жүйеде Speccy утилитасын пайдалана отырып, графикалық қосқышты (3.5-сурет) анықтау үшін, терезенің сол жақтағы пунктерінде Аналық платаны, оң жағында PCIақпараттары пункт бағдарламасын таңдау керек.
Біздің үлгіде аналық тақта екі қосқышпен PCI – EX16 жабдықталған. Бұл бір уақытта SLI (Nvidia) және CrossFire (AMD) режиміндегі екі бейнекартаны, есептеуіш қуаттарын біріктіре отырып, қондыруға мүмкіндік береді. Егер мұндай қосқыш табылмаса, онда бейнекартан апгрейдтің, жүйелік татаны алмастырусыз мәні жоқ.
Нарықта әртүрлі фирма-өндірушілерден (ASUS, Gigabyte, MSI, Sapphire, Powercolorn , т.б. ), бейнекартаның көп түрлерін ұсынылғанына қарамастан, шын мәнінде бұл құрылғылар негізін – графикалық процессорларды екі америкалық компаниялар AMD (ATI) және nVidia шығарады. AMD компаниялар чиппі негізінде құрылған барлық бейнекарталар Radeon HD XXXX. XXXX атына ие – бұл төрт мәндік сан, бірінші саны бейнетақта жататын буынды көрсетеді.
3.5 сурет. Графикалық қосқыш түрі
Ол қаншалықты үлкен болса, соншалықты карта заманауи. Екінші саны адамтер құрамасын көрсетеді. Ол қаншалықты үлкен болса, соншалықты қуаттырақ, өндіру графикалық шешімі қымбатырақ. Үшінші саны адаптер құрамашасын көрсетеді. Мұнда да қаншалық көп болса, соншалықты күшті принципі сақталады. Қазіргі сәтте AMD чипті соңғы буынды бейнекарта R 9 (Radeon R9 295X2) сериясы болып табылады.
NVidia компаниясының графикалық шешімінің базасында құрылған бейнетақталар, GeForce GT/GTS/GTX XXX атына ие. Алдыңғы жағдайдағыдай, мұндағы XXX – бірінші саны буынды, екінші саны – графикалық жылдамдыққа жататын құрамасын көрсетеді. Бұл сандар қаншалықты үлкен болса, соншалықты адаптер заманауи және өнімді болады. Сандық индекс алдында ең шапшаң өнім, GTX приставкасына ие. NVidia графикалық процессорының соңғы шешімінде GTX 7xx индексі бар.
Шындығында жақын уақыттарда, қолданушыларға сегізінші буынды жаңа тақталар қолжетімді болады.
Барлық заманауи графикалық шешімдер қосымша қорек көзін талат ететінін білу қажет. Бұл қорек көздері сәйкес келетін бос қосқыштары және жеткілікті қуат қорына ие болу керектігін білдіреді. Сондықтан жаңа бейнекартаны аларда, оған қосымша қорек керек па және компьютердің қорек блогы қаншалықты минималды қуатқа ие болатынын біліп алу керек. Бейнекарта апгрейдінің мақсатқа сәйкестілігін үлгіде қарастырамыз.
3.6- суретте көрініп тұрғандай, графикалық адаптер GeForce GTX 580 атына ие. Бұл мәтіндік компьютер nVidia логика базасында графикалық шешіммен жабдықталған және соңғы буынға жататынын білдіреді. Одан басқа, индекстегі 8 саны, компаниялардың бірчиптік өнімдерінің арасында ең өнімді шешім екеніне көз жеткіздіреді.
3.6- сурет. Адаптер GeForce GTX 580 Оперативті жады. Үшінші түйінді құрауыш – бұл оперативті жады. Көп жағдайда, жады қаншалықты көп болса, соншалықты жақсы. Қазіргі уақытта бағдарламалармен ыңғайлы жұмысы кезінде, оның минималды көлемі 2 Гбайтты құрайды. 1 Гбайт немесе 512 Мбайт компьютерлер оперативті жадыны көбейту кезінде өзінің тезәрекеттілігін үлкейтеді, себебі оның санына жүктелім жылдамдығы және операциялық жүйе мен бағдарламаның келесі жұмысы әсер етеді.
Жады көлемін өсіру кезінде алдымен, SDRAM, DDR, DDR2 и DDR3 болуы мүмкін типін анықтау қажет. Алғашқы екі түрі көнерді және енді шығарылмайды, DDR2 әлі де көп таралған, бірақ белсенді түрде DDR3 жаңа стандартымен алмасады. Сонымен қатар жадының жаңа стандартығ қазіргіге қараңанда екіс есе қамбат. Әртүрлі жадының ішкі қосқыштары байланыстырушы және олардың формаларымен ерекшеленеді, сондықтан компьютерде DDR2 қолданылса, онда басқа тип келмейді.
Аналық тақтада жадының қанша слоты бар екенін және бос қосқыштар санын ұғу қажет. Егер аналық тақтада тек екі қосқыш болып және бос емес болса, онда көне модульді үлкен көлемді жаңа модульге ауыстыру қажет. Егер төрт слоты болып оның екеуі бос болған жағдайда, онда бар жады модуліне жаңасын қосуға болады.
Оперативті жадының енсіз жұқа тақтайшасын екіканалды режимді әркеттендіру үшін жұппен орналастыру қажет, ол сөзсіз оның жұмысының жылдамдығын және өткізгіштік қабілетін арттырады.
Жүйеде қондырылған оперативті жады туралы ақпарат алғыңыз келсе, Оперативті жады (3.7- сурет) қосымша парағын бассаңыз жетеді.
Үлгіде көрінгендей тестік жүйеде DDR3 типтегі оперативті жадының 8 Гбайты қондырылған. Сонымен қатар, аналық тақтада төрт қосқыш бар, оның екеуі әлі де бос қалады, ол кез келген уақытта қосымша модульді жеткізуге мүмкіндік береді.
Жүйелік тақтаны толық алмастыру. Жүйелік тақта компьютердің ең маңызды құрауыштарының бірі болып табылады. Бірақ оның жүйе жұмысының жылдамдығына әсері көп емес, сондықтан жүйелік тақтаны, басқа құрауыштарды жетілдірусіз, алмастырудың мәні жоқ. Жүйелік тақтаны жетілдіру әдетте процессордың және жадыны алмастыру жиынтығымен орындайды, яғни платформаны толық алмастырады. Бұл жағдайда жалпы жүйелік өнімділікті бірнеше есе арттыруға болады.
3.7- сурет. Оперативті жады қосымша парағы
Әдетте жаңа компьютердің конфигурациясын жобалау процессорды таңдаудан басталады, одан кейін оған сай келетін жүйелік тақтатаңдалады. Процессордың бір құрамасына, жетекші өндірушілер, бағалары бірнеше есе ерекшеленетін, жүйелік тақтаның бүтін ассортиментін шығарады. Жүйелік платаның жалпы өнімділікке әсері көп емес және арзан тақтамен шектелуге азғырулар пайда болуы мүмкін. Дегенмен арзан түрлерін сатып алу, көп жағдайда өзін ақтамайды, себебі оларда келесі шектеулер бар:
■
BIOS-та жеделдету мүмкіндігі минимумға төмендетілген немесе жоқ;
■
Модульді қондыруға арналған төрт слот орнына тек екі слот бар, бұл болашақта жады көлемін үлкейтуде қиыншылықтар туғызады;
■
Жады жұмысында екіканалды режимді қолдаушы жоқ;
■
Процессордың қорек схемасы, жетелдету үшін немесе жоғары жылу шығару процессорын қондыруда қуат жеткіліктігімен басым түспейді;
■
PCI/PCI-Express слоттар саны минимумды береді, бұл болашақта кеңею қосымша тақталарын қондыруға мүмкіндік бермейді;
■ SLI/ CrossFire режимінде екі немесе үш бейнекарталарды қондыру мүмкіндігі жоқ;
■ Перифериялық құрылғыларды қолдаушылар саны минимумды береді. Арзан тақталарда eSATA, FireWire бақылаушыларды, сандық аудиошығыс қымбат модельдерде болатын басқа да мүмкіншіліктерді сирек
кездестіруге болады;
■ Арзан тақталарды өндіруде арзан құрауыштар қолданылады, бұл тақта жұмысының тұрақсыздығына әкеледі.
■ Арзан модельдер тақта өндірушілердің әртүрлі фирмалық технологиялары жоқ болуы мүмкін (мысалы, зақымданған BIOS –ы қайта қалпына келтіру немесе желдеткіштер жиілігін автоматты түрде реттеу.).
Сипаттамасы мен бағасы қолайлы тақтаның моделін таңдау үшін, өндіруші сайтынан оның сипаттамасын зерттеу және барлау немесе арнайы сайтар мен форумдарда қалдырылған пікірлерді оқуға болады.
Қорек көзін алмастыру. Компьютер қосылмаса, көп жағдайда, оның сынуының себебі жүктелім немесе электржелі айырмасы әсерінен істен шығатын қорек блогының жарамсыздығы болып табылады.