А = Q = І 2 Rt. 1. Электр тізбегінде энергияның сақталу және айналу заңын қалай
түсіндіруге болады?
2. Электр тогының жұмысы
деп нені айтамыз? Қандай формуламен өрнек-
теледі? Немен өлшенеді?
3. Электр тогының жұмысын қандай күш атқарады? Бөгде күштердің оған
қатысы бар ма?
4. Электр тогының қуаты
деп нені айтамыз? Қандай формуламен өрнек-
теледі? Немен өлшенеді?
5. Электр тогы өткенде өткізгіштердің қызатынын қалай түсіндіруге бо-
лады?
6. Джоуль–Ленц заңы қалай тұжырымдалады? Жұмыс пен жылудың
арасындағы эквиваленттік қалай дәлелденеді?
1. Амперметр тізбекте 15 А ток күшін, ал вольтметр осы бөлікте 24 В
кернеуді көрсетеді. 20 мин ішінде ток қанша жұмыс атқарады?
2. Электр плитасының кедергісі 80 Ом, желідегі кернеу 220 В. Электр
плитасы 6 сағ ішінде қанша энергия тұтынады?
3. Ом заңын пайдаланып, токтың жұмысын ток
күші, кедергі және уақыт
бойынша; кернеу, кедергі және уақыт бойынша өрнектеңдер.
4. 120 В кернеуге арналған әрқайсысы 100 Вт болатын екі шам кернеуі
220 В желіге тізбектеп жалғанған. Тізбектегі токтың күшін және әр
шамның кернеуін анықтаңдар.
5. 220 В кернеуде жұмыс жасайтын қуаты 700 Вт болатын қыздырғыштың
спиралін қимасы 0,5 мм
2
хромаль сымынан жасау керек. Сымның
ұзындығын табыңдар. Хромальдің меншікті кедергісі – 1,4 Ом · мм
2
/м.
6. Токтың қуатын ток күші мен кедергі арқылы және кернеу мен кедергі
арқылы өрнектеңдер.
7. Кернеуі 250 В желіге осындай кернеуге арналған қуаты 500 Вт және
25 Вт екі шамды қосады. Тізбектеп немесе параллель жалғағанда олар-
дың қайсысы жарқырап жанады?
Жаттығу 5.4 ? Сұрақтар Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217