Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



бет142/203
Дата17.10.2023
өлшемі0,98 Mb.
#116969
түріОқулық
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   203
Байланысты:
Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым минис-emirsaba.org

Магнит өрісі
деп магниттің төңірегіндегі басқа магнитке әрекет 
ететін айрықша ортаны айтады. 
4. Магнит өрісін көрнекі түрде бейнелеу үшін электр өрісіндегі
сияқты
күш сызықтарын пайдаланады. Мұндай күш сызықтары (су-
рет 6.2,
б) магнит өрісіндегі ұнтақтардың (сурет 6.2, ә) реттеле орналасу
қалыптарына ұқсас салынады.
Магнит өрісінің күш сызықтары деп тұрақты магниттің төңі-
регінде белгілі ретпен орналасқан болат ұнтақтары арқылы өтетін 
сызықтарды айтады.
Магнит өрісі мен электр өрістерінің сыртқы ұқсастықтары олардың
арасында тығыз байланыстардың барлығын білдіреді. Электр өрісінің
әрекетін күштік тұрғыдан сипаттайтын физикалық шаманы
кернеулік 
деп атап,
Е әрпімен белгілеген едік (§20). Сол сияқты магнит өрісінің
әрекетін күштік тұрғыдан сипаттайтын физикалық шаманы
магнит 
индукциясының векторы деп атап, В әрпімен таңбалайды. Электр өрі-
сінің
Е кернеулік векторы да, магнит өрісінің В индукция векторы да
күш сызықтарына жанама болып орналасады (сурет 6.2). Электр өрісінің
Е кернеулік векторының күш сызықтары оң зарядтан теріс зарядарға
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217



155
қарай (сурет 6.2,


а), ал магнит өрісінің В индукция векторының күш
сызықтары магниттің солтүстік полюсінен оңтүстік полюсіне қарай (сурет
6.2,
б) бағытталады. Алайда оларды бір түрлі өріске жатқызуға болмай-
ды. Олардың айырмашылықтары жоғары сыныптарда қарастырылады.
5. Магниттік қасиеттер аспан денелеріне де тән. Мысалы,
ғарыш кеңістігінен келетін метеориттер де магниттік қасиеттерімен
ерекшеленеді. Сондай метеориттердің сынықтары Ресейдің Петер-
бургтегі «Тау-кен мұражайында» және Эстонияның Тарту универ-
ситетінің «Жаратылыстану мұража йында» сақтаулы тұр (сурет 6.1,
б).
Табиғи магниттерден ертеде компас (тұсбағдар) жасап, пайдалана
бастаған қытайлықтар болатын. Компастың тілінің солтүстік полюсі
(N) үнемі Жер шарының солтүстігіне Темірқазық жұлдызына қарай
бағдарланып тұрады (сурет 6.3). Өйткені Жердің өзі де алып маг-
нит болып табылады. Оның магнит өрісінің оңтүстік полюсі (S) Жер
шарының солтүстік жағында орналасқан. Ал магниттердің әраттас
полюстері бір-біріне тартылатын болғандықтан, компастың солтүстік
полюсі Жердің магнит өрісінің оңтүстік полюсіне қарай, яғни Жер
шарының солтүстігіне қарай бағдарланады. Сондықтан компас
көлік құралдарының барлық түрлерінде, тіпті ғарыш кемелерінде
де бағдарды анықтайтын өте тамаша құрал болып табылады. Зерт-
теулер Жер ғана емес, Күннің де, алыстағы жұлдыздардың да, тіпті
тозаңдар жиынтығынан тұратын «жұлдызаралық бұлттардың» да маг-
нит өрістерінің бар екенін көрсетеді.
Жердің магнит өрісінің пайдасы орасан зор. Күн мен басқа жұл-
дыздар Ғаламдағы табиғи термоядролық атом реакторлары болып та-
былады. Олардан тарайтын аса қауіпті радиоактивті сәулелерді (заряд-
Сурет 6.3. Жер – алып магнит (оң жақ бұрышта компас)
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217



156
талған бөлшектерді) Жердің магнит өрісі кері қайтарып, тіршілік


иелерінің өмірін сақтайды. Сондай-ақ Жердін магнит өрісін пайдала-
нып, жануарлардың бағдар табатыны белгілі болды.
1. «Магнит» сөзі нені білдіреді? «Магнетит» кендеріне не жатады?
Қазақстанда темір кендері қай өңірлерде өндіріледі және қай зауытта
қорытылып шығарылады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   203




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет