Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



бет23/203
Дата17.10.2023
өлшемі0,98 Mb.
#116969
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   203
Байланысты:
Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым минис-emirsaba.org

кембриялық жарылыс» деп атайды. Геологияда
бұл дәуір
кембриялық дәуір деп аталады. Міне, осы дәуірде қазіргі тірі
ағзалардың бастаулары болып табылатын барлық түрлері пайда бол-
ды. Алайда жануарлар дүниесі де, өсімдіктер дүниесі де содан бері бес
алапат апаттарды бастан кешірді.
Бұдан 65,5 млн жыл бұрын орын алған апаттан кейін Жер
бетінде қалыптасқан жылулық-климаттық өзгерістер тірі ағзалардың
ең жоғары дамыған түрі саналы адамзат ұрпағын дүниеге келтірді.
Осы кезеңде қартайып шөге бастаған кәрі таулардың (мысалы,
Еуразиядағы Орал және Арқа тауларының сілемі) орнына жас
таулардың (мысалы, Альпі, Кавказ және Гималай таулар сілемі)
биіктеп көтеріле бастауы барлық өңірдің ауа райын үлкен өзгерістерге
ұшыратты. Африканың оңтүстігі мен шығысындағы тропикалық ну
орман шегініп, оның орнын шүйгін шөпті саванналар басты. Сөйтіп,
ағаш басындағы жемістермен қоректенетін маймылдар да тамақ
іздеп, ойдым-ойдым сиреген ағаштардан жерге түсуге мәжбүр болды.
Бойын тіктеп, екі аяғымен жүруді үйреніп, жеміс-жидектерді көптеп
жинауға екі қолын да босатып, еңбекпен тамақ табуға дағдылана
бастаған дала маймылдары «
тамағы тоқ, жұмысы жоқ» орман
маймылдарынан ерекшеленіп, эволюция баспалдағымен тез дами
бастайды. Біздің жыл санауымыздан бұрын 4 млн жыл шамасын-
да Африка жазығында тік жүруді үйренген осындай маймылдарды
Сурет 1.18:
а) тұтқыр смола – янтарь ішіндегі шіркейлер (40 млн жыл); ә) алып
тираннозаврдың бас сүйегі (65 млн жыл бұрын)
а)
ә)
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217



30
австралопитек деп атайды (сурет 1.19). Осылайша, австралопитектер-


дің эволюциялық дамуы барысында 2 млн жыл өткеннен кейін от жа-
ғу мен қару-жарақ жасауды үйренген ғылымда «
неандерталь адамда-
ры» деп аталатын жаңа популяция (ұрпақ) дүниеге келді.
4. Жылулық құбылыстардың өзгеруіне байланысты Жер бетінің
көп бөлігін мұз басатын кезеңі де, ал кейін мұздардың да көп бөлігі
еріп, қайта жылынатын кезеңі де тарихтан белгілі. Соңғы үлкен мұз ба-
су кезеңі бұдан бұрын 120 000–10 000 жылдар аралықтарында болды.
Бұл кезеңде қазіргі Сібір аймағының қар мен мұз басқан апайтөс кең
жазығын жүндес келген піл тектес мамонттар жайлайтын (сурет 1.20).
Кейінгі 10 000 жылдықта, кіші мұзды периодты (1450–1850 жыл-
дардағы Еуропаның солтүстік бөлігінің суынуын) есептемегенде, Жер
шары жылыну кезеңін бастан кешіріп келеді. Осының салдарынан мұз
алқаптары Жердің салқын оңтүстік және солтүстік полюстеріне дейін
шегініп, экваторға жақын орталық белдеулерде орташа температурасы
20 градус болатын жылы аймақ қалыптасты.
Адамдардың қарекеті салдарынан әсіресе органикалық отындардың
жануы барысында атмосферада да, су мен жер бетінде зиянды қоспалар
мен улы заттар көбейе түсуде. Солардың бірі – атмосферадағы көмір-
қышқыл газы (СО
2
). Атмосферадағы көмірқышқыл газы жылыжай-
дың төбесі мен қабырғасын жапқан мөлдір жарғақтың рөлін атқарады.
Көмірқышқыл газы да жарғақ сияқты жылу энергиясын жинақтай
алады. Егер көмірқышқыл газының атмосферадағы мөлшері өсе
беретін болса, онда бүкіл Жер шары жылыжайға ұқсап температура-
сын жоғарылата беретін болады. Жер тарихында өсімдіктер мен жан-
жануарлар әлемін орасан апаттарға әкелген осындай жылыжайлық эф-
фект жанартаулардың мөлшерден тыс атқылаулары салдарынан орын
Сурет 1.19. Австралопитектер
Сурет 1.20. Мамонттар
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217



31
алған еді. Ендігі жерде адамзаттың көмірқышқыл газын мөлшерден


тыс атмосфераға шығаруы салдарынан орын алайын деп отыр.
5. Планетамыздағы жылу құбылыстарының өзгеруіне байланысты
туындайтын апаттардың қатері қазірдің өзінде Жер шарында байқала
бастады. Оның бас ты себебі дамыған және дамушы елдердің атмосфераға
көмірқышқыл газын аса көп мөлшерде таратуынан болып отыр. 2009
жылғы мәлімет бойынша Қазақстанның өндіріс ошақтарының ауаға
таратқан ластағыш заттарының мөлшері 3,4 миллион тоннаны құраған.
АҚШ көмірқышқыл газына шаққанда жыл сайын ауаға 7 миллиардтан
астам тонна зиянды заттар шығарады. Ал бір ғана Пекиннің өзінде тек
автомашиналардың жыл сайын шығаратын зиянды газдары жарты мил-
лион тоннадан асып жығылады.
Ауаны ластаудағы еліміздің үлесі бір пайыздан аспаса да, Қазақстан
1990 жылғы деңгеймен салыстырғанда өз есебінен улы газдарды 15
пайызға, ал халықаралық көмек болған жағдайда 25 пайызға қысқартуды
мақсат етіп отыр. Алға қойылған мақсаттардың ішінде жер бетін кө-
галдандыру, ормандарды қорғау, ағаштарды (олардың ішінде жеміс
ағаштарын) көптеп отырғызу көзделген. Өйткені жасыл желектердің
бәрі де көмірқышқыл газын жұтып, оттек шығаратын «планетаның
өкпесі» болып табылады. Мысалы: 1 гектар тоғай ашық күні 120–280 кг
көмірқышқыл газын жұтып, 180–200 кг оттек газын шығарады. Орта-
ша бір ағаш 3 адамның демалуына қажетті оттекті өндіреді. 1 гектарға
орналасқан қылқанжапырақты ағаштарда жыл сайын ауадағы 40 тон-
на шаң, ал жапырақты ағаштарда 100 тонна шаң тұтылады. Өкінішке
қарай, қазіргі жағдай өзгеріссіз сақталатын болса, онда Жер бетіндегі жа-
сыл желек 40 жылда жойылып кетеді екен. Міне, сондықтан, қымбатты
оқушылар, Жер-ананың сүйікті табиғи келбетін сақтауға сендер де өмір
бойы атсалысуларың керек.
Осы жолда Ұлы Дала елінің жасап жатқан ізгі қадамдары әр
қазақстандықтардың бойында мақтаныш сезімін оятады. Сондай ізгі
жұмыстардың бірі – еліміздің «Болашақтың энергиясы» тақырыбын
таңдап алып, Халықаралық ЕХРО–2017 көрмесін Астанада аса жоғары
деңгейде өткізуі еді. Бұл көрме Жер-ананы экологиялық апаттан сақ-
тайтын ең ізгі мақсатқа қол жеткізуге, яғни көмірқышқыл газын ауаға
шығармайтын энергияның балама көздерін табуға арналған. Экологиялық
таза ондай көздерге соққан жел мен Күн сәулелерінен алынатын энергия-
лар жатады. Міне, осындай таусылмайтын қайталамалы энергия көздері
есебінен елімізде өндірілетін энергияның үлесі 2050 жылға қарай қазіргі
0,4 пайыздан 50 пайызға дейін жеткізілетін болады. Қайталамалы энер-
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217



32
гия көздерін пайдаланған жағдайда Қазақстан өнеркәсібінің жыл сайын


ауаға тарататын көмірқышқыл газын 2,5 миллион тоннаға дейін азай-
туға болады. Жоспарлаған межеге жету үшін елімізде жел электр стан-
сылары (ЖЭС) мен күн электр стансыларын (КЭС) салу жұмыстары
қарқынды жүргізіле бастады. Бірінші кезектегі қуаты 1 500 кВт бола-
тын ең алғашқы ЖЭС Жамбыл облысының Қордай асуында 2011 жылы
салынды (сурет 1.12,
а). Қордай ЖЭС-іне 2014 жылы 9 жел генераторы
қосылып, оның жалпы қуаты 9 МВт-қа жеткізілді. Оның үстіне қуаты
41 МВт болатын 2-Қордай ЖЭС-і де салынып, ток беруге дайын тұр. Со-
нымен қатар 2013 жылы қуаты 45 МВт болатын Ерейментау ЖЭС-нің
алғашқы қазығы қағылып жұмыс істей бастады.
2013 жылы Алматы облысында қуаты 2 МВт болатын Қапшағай
күн электр стансысы іске қосылды (сурет 1.12,
ә). Бұл стансыда күн
панельдерінің бетін көк аспанда қозғалған Күнге ілестіре бұрып отыратын
технология қолданылды. Күннің сәулелік энергиясын электр энергия-
сына айналдыруда кремний элементі негізгі материал болып табылады.
Қазақстан – бұл элементке де бай ел. Оны шығаратын зауыт Қарағандыда
2017 жылы іске қосылып, өнім бере бастады.
Күн және жел энергиялары стансыларын салуда жергілікті өнімдер мен
материалдарға негізделіп шығарылған жабдықтарды пайдалану бірінші
орында тұр. Солармен қатар отандық ғалымдардың өнертапқыштық
әлеуетіне, шығармашылық күш-қуатына арқа сүйеу көзделеді. Бұл өз
кезегінде терең білім мен біліктілікке сүйенген ғылыми-техникалық
және технологиялық зерттеулерді талап етеді. Оған сенің де қосарың бар,
жас жеткіншек!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   203




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет