Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған


Тірі ағзалардың басқа планеталарда емес, Жер бетінде пайда болуын қалай түсіндіруге болады? 2



бет24/203
Дата17.10.2023
өлшемі0,98 Mb.
#116969
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   203
Байланысты:
Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым минис-emirsaba.org

1. Тірі ағзалардың басқа планеталарда емес, Жер бетінде пайда болуын
қалай түсіндіруге болады?
2. Тіршілік иелері Жер бетінде қашан және қалай пайда болды? Олардың
дамуына жылулық құбылыстар қалай әсер етті?
3. Адамзат баласы дүниеге қалай келді? Дүниеге кейін келсе де не себепті
адамның санасы басқа тіршілік иелеріне қарағанда айрықша дамыды?
4. Соңғы геологиялық кезеңде Жер бетіндегі жылулық құбылыстар қалай
қалыптасты? Оған тірі ағзалар қалай бейімделді?
5. Соңғы мыңжылдықтарда Жер бетінде жылулық құбылыстар қалай
өзгерді?
6. Қазіргі кезеңде «жылыжайлық эффект» не себептен туындап отыр?
Өсімдіктер мен жануарлар әлеміне оның әсері қандай?
?
Сұрақтар
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217



33
§7.



7. Ауаға шығарылатын зиянды заттарды азайту үшін халықаралық дең-
гейде қандай шаралар жасалды? Қазақстанда қандай жұмыстар атқа-
рылып жатыр?

Оқулықтағы және басқа да ақпарат деректерін талдай отырып, төмен-


дегі есептеулерді жүргізіңдер:
– Қазақстанның бір адамға тоннамен шаққандағы ауаға шығаратын
көмірқышқыл газын есептеңдер;
Қазақстанның, АҚШ пен Қытайдың бір жылда ауаға шығаратын
көмірқышқыл газын залалсыздандыру үшін әр елдің өз аумақтарында
қанша алқапқа ағаш егу керектігін анықтаңдар;
– теориялық есептеулер бойынша егілуге тиісті ағаш алқаптары осы
елдердің территорияларының қандай бөлігін қамтыр еді?
ЖЫЛУ МӨЛШЕРІ. ЗАТТАРДЫҢ
МЕНШІКТІ ЖЫЛУСЫЙЫМДЫЛЫҒЫ
1. Ішкі энергияны екі тәсілмен өзгертуге болатынын білеміз (§3).
Олардың бірі –
F күшін жұмсап, механикалық жұмыс (А = F · s) істеу
арқылы ішкі энергияны ∆
U шамасына өзгерту (А = U).
Ішкі энергияны өзгертудің екінші тәсілі – жылу алмасу болатын.
Жылу алмасу процесінде берілетін немесе шығарылатын жылудың мөл-
шерін
Q әрпімен белгілейік. Екінші тәсіл бойынша да затқа Q жылуын
берсек, немесе одан осындай жылу мөлшерін алсақ, оның ішкі энергиясы
U шамасына өзгереді (Q = ∆U).
Сонымен, жұмыс та, жылу мөлшері де ішкі энергия өзгерісінің
өлшемдері болып табылады. Ендеше, Халықаралық бірліктер жүйесінде
жұмыс қандай бірлікпен өлшенсе, жылу мөлшері де сондай бірлікпен,
яғни джоульмен өлшенеді.
2. Затқа берілетін немесе одан алынатын жылудың мөлшері қандай
физикалық шамаларға тәуелді болатынын анықтайық.
Біріншіден, эксперименттік зерттеулер де, күнделікті өмірлік тәжі-
рибелер де затқа берілетін немесе одан алынатын
Q жылудың мөлшері
сол заттың ∆
t температура өзгерісіне (∆t = t
2

t
1
) тәуелді өзгеретінін
көрсетеді:
Q ~ ∆t.
Расында да, зат құрамындағы молекулалардың орташа жылдамдығы
өзгерсе, оның температурасы да өзгеретінін білеміз. Ендеше, зат құра-
мындағы бөлшектерінің кинетикалық және потенциалдық энергиялары,
яғни заттың ішкі энергиясы температураға тәуелді өзгереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   203




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет