күш сызықтарының бағытын көрсетеді. 5. Электрмагниттер деп өзінен электр тогы өткенде күшті магнит өрісін туғызатын құрылғыларды айтады. 6. Сол қол ережесі. Егер сол қолдың жазылған төрт саусағын өткізгіштегі токтың бағытымен бағыттап, ал алақанды маг- нит өрісінің күш сызықтары тесіп өтетіндей етіп ұстасақ, онда керілген бас бармақ магнит өрісінің токқа әрекет ететін күшінің бағытын көрсетеді. 7. Индукциялық ток деп магнит пен шарғының өзара салыс- тырмалы қозғалысы кезінде шарғыда пайда болған айнымалы электр тогын айтады. 8. Генератор деп механикалық энергияны электр энергиясына айналдыратын қондырғыны айтады. Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
ОҚУШЫЛАР МЕҢГЕРУГЕ ТИІСТІ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ МАҚСАТТАР: – Күннің және Айдың тұтылуын графикалық бейнелеу; – эксперимент арқылы түсу және шағылу бұрыштарының тәуелділігін анықтау; – айналық және шашыранды шағылудың мысалдарын келтіру және түсіндіру; – жазық айнада дененің кескінін алу және оны сипаттау; – дененің кескінін алу үшін сфералық айнада сәуленің жолын салу және алынған кескінді сипаттау; – жазық параллель пластинада сәуленің жолын салу; – жарықтың сыну заңын пайдаланып есептер шығару; – тәжірибеге сүйеніп толық ішкі шағылу құбылысын түсіндіру; – экспериментте шынының сыну көрсеткiшiн анықтау; – сыну көрсеткішінің анықталған мәнін кестелік