139
ПРОЕКТ
Гагарин ұшқан «Восток-1» зымыранының толық көшірме макеті Мәскеу қала-
сын-дағы көрмеде орналасқан. Оның жалпы ұзындығы 38 м, қозғалтқыштарының
әу бастағы қуаты 14,7
·
10
6
кВт болатын. Ұзындығы 7,35 м болатын зымыранның
соңғы басқышына Гагаринге арналған диаметрі 2,3 м шар тәріздес «ғарыш
кемесі» және оларды Жерге қайыра алып келетін ең соңғы реактивті қозғалтқыш
орнатылды. Гагарин ұшқан «Восток-1» ғарыш кемесінің макеті Париждегі «Авиация
және косманавтика» мұражайында сақтаулы тұр. «Восток» зымыраны кейінірек
«Союз» және «Протон» зымырандарымен алмастырылды. Экологияға зардабы
молырақ «Протон» зымырандарын бірте-бірте «Ангара» (сурет 4.11) зымырандары
ығыстыратын болады.
Сурет 4.11. «Ангара» ғарыш зымыраны
Кеңес Одағы 1991 жылы ыдырағаннан кейін «Байқоңыр» ғарыш айлағы
Қазақстанның меншігіне көшті де, 2050 жылға дейін Ресейге жалға беріліп, бірле-
се жұмыс жасайтын алаңға айналды. Содан бері ғарышқа үш
қазақ ғарышкері
сапар шегіп (сурет 4.11), аса маңызды зерттеулер жүргізді. Бірінші болып
1991 жылдың 2 қазанында КСРО-ның еңбегі сіңген сынақшы-ұшқышы әрі батыры
Тоқтар Әубәкіров, Австрияның азаматы Франц Фибек және Ресейдің ұшқыш-
ғарышкері Александр Волковтың бастауымен «Союз ТМ-13» зымыранымен
ғарышқа аттанған еді. Сол күні Елбасы Нұрсұлтан
Назарбаев пресс-конфе-
ренцияда сөйлеген сөзінде «… Менің жарлығыммен Қазақстанда ғарыштық
зертеулер бойынша Агенттік құрылады... Байқоңырдағы жұмыс тоқтап қалмау
үшін бар мүмкіндікті жасау қажет», – деген еді.
КСРО ыдырағаннан кейінгі өтпелі кезеңнің ауыр қиындығына қарамастан
1991–2001 жылдар аралығында Қазақстан Президен-тінің Жарлығымен құрылған
Ұлттық Аэроғарыш Агенттіктің ең ал-ғашқы ғарыштық зерттеу бағдарламасын
іске асыруды Т.
Әубәкіров бастаған болса, екіншісін Талғат Мұсабаев ғарышқа
үш рет аттанып (1994, 1998 және 2001 жылдары) бір жылға жуық «Мир»
ғарыш стансысында болған кезінде орындады. Ал 2015 жылы ғарышта-ғы
мұндай зерттеулерді қазақстандық үшінші ғарышкер Айдын Айымбетов «ЭП-18»
Халықаралық Ғарыш стансысында жалғастырды.
Кейінгі жылдары зерттеу ауқымы кеңейіп, біртұтас «Қазғарыш» деп атала-
тын кешенді жүйе құрылды. Оған алты ірі Республикалық
мемлекеттік өндіріс
енеді. Мысалы: «Ғарыш-Экология» ғылыми-зерттеу орталығы 2001 жылы ашыл-
ды. 2004 жылы құрылған «Астрофизикалық зерттеулер орталығы» үш институтты –
140
ПРОЕКТ
«Ғарыш зерттеу институтын», «Ионосфера институтын» және «В.Г. Фесенков
атындағы Астрофизика институтын» біріктіреді. Осы жылы «Қазғарыш» құрылымы
аясында «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» ашылды. Аталған сала-
ларға кадрлар даярлау ісі де қолға алынып, 1600-ден астам студенттер әлемдегі
ең ірі оқу орындарында білім мен біліктіліктерін шыңдауда.
2004 жылы Қазақстан мен Ресей «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек»
ғарыштық зымырандар кешенін құру туралы келісім жасады. 2005 жылы
«Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы құрылды.
Міне, осындай ауқымды даярлық жұмыстарын жүргізгеннен кейін 2005 жылы
Қазақстан Республикасының Президенті еліміздегі ғарыштық қарекеттерді
дамытудың мемлекеттік бағдарламасын
өз Жарлығымен бекітті; ал 2012 жылы
«Ғарыштық қарекет туралы» Заңға қол қойды. Аталған тарихи қарекеттердің
жемісі ретінде алғашқы отандық «Qаzsat» серіктері жасала бастады (сурет 4.12).
Қазіргі кезде ғарыш кеңістігінде ел мүддесі үшін төрт қазақстандық Жер серігі
қызмет етуде (сурет 4.13). Ғарыштағы Қазақстанның атқарар жұмысына сенің де
қосарың мол, құрметті оқушы!
Сурет 4.11. Елбасы және ғарышкерлер
Сурет 4.12. «Qаzsat»
ж
ер серігі Сурет 4.13. Ғарыштағы «Qаzsat»
құрастыру алаңында
ж
ер
серігі
141
ПРОЕКТ
1. 7-сынып физикасында дененің
түзусызықты
қозғалыс бағытында
оған
тұрақты
әрекет ететін күштің механикалық жұмысы төмендегі
қарапайым формуламен анықталатынын көрсеткен едік:
A
=
F
·
s
,
(4.10)
мұндағы:
F
– дененің қозғалу бағытында тұрақты әрекет ететін күштің
модулі;
s
– күш әрекетінен жүрілген жол.
Бұл формулаға сүйеніп, Халықаралық бірліктер жүйесінде жұмы-
стың
Достарыңызбен бөлісу: