Оқулық физика 9 проект башарұлы Р. т б



Pdf көрінісі
бет98/219
Дата22.12.2023
өлшемі5,74 Mb.
#142615
түріОқулық
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   219
3. Реактивті қозғалыс
та (4.8) формуласымен сипатталатын кері тебі-
лу құбылысына негізделеді. Зымырандарда (сурет 4.7) оқпанның рөлін 


134
ПРОЕКТ
соплодан үлкен жылдамдықпен атқып шығатын 
жанғыш отынның өнімі – ыстық газ атқарады. 
Сондықтан сыртқа зор қысыммен атқып шыққан 
газдың массасын 
m
, жылдамдығын 
u
деп; ал 
газ шыққаннан кейінгі зымыранның массасын 
М
, жылдамдығын 
v

деп белгілейік. Сонда «зы-
мыран + газ» тұйық жүйесіндегі зымыранның 
жылдамдығы жалпы түрде мына формуламен 
анықталады:
v
m
M
u
= −
.
(4.9)
Бұл формулада зымыранның бастапқы жыл-
дамдығы нөлге тең деп қарастырылған. Соны-
мен қатар жанғыш отынның барлық массасы 
бір 
уақытта
газ түрінде босап шығады деп есептеле-
ді. Нақты жағдай үшін зымыранның жылдамды-
ғы күрделі формулалармен анықталады, өйткені 
отын біртіндеп жанады да, одан бөлінетін газ да біртіндеп шығатын бола-
ды. Оның үстіне ғарыш кеңістігінде қозғалу үшін жанғыш отынның мас-
сасын еселеп қосып отыру қажет. Шынында да, Жердің немесе Күннің 
тартылыс күшін жеңіп, ғарыш кеңістігіне шығу үшін жанғыш отынның 
массасы зы-мыранның өз массасынан бірнеше есе артық болуы қажет. 
Мысалы, Күннің тартылыс күшін жеңетін зымыран өз массасынан 55 
есе артық жанғыш отын жұмсайды. Мұның барлығы ғарыш кеңістігіне 
шығудың тауқыметінің орасан қиындығын паш етеді.
4. Адамзат тарихында бірінші болып ғарышқа шығу
жұмыстарының аса күрделі теориялық, практикалық 
және техникалық мәселелерін К.Э. Циолковскийдің 
(1857–1935) ізбасары – бас конструктор С.П. Королев
(1907–1966) басшылық жасаған Кеңес Одағының ға-
лымдары мен конструкторлары абыроймен шешті. Олар-
дың жасампаздық еңбектері арқасында «Байқоңыр» 
ғарыш айлағынан 1957 жылы 4 қазанда алғашқы Жер
серігі ұшырылды; ал 1961 жылдың 12 сәуірінде «Союз» 
зымыраны (сурет 4.8) Ю.А. Гагаринді Көкке көтеріп, 
1,5 сағаттай уақытта 
ж
ер шарын бір айналып шықты 
да, соңғы сатыдағы реактивті қозғалтқыш оны туған 
Отанына қайыра оралтты.
Ғарыш
кемесі
Аспаптық
бөлік
Тотықтырғыш 
бак
Жанғыш 
отын багі
Сорғылар
Жану
камерасы
Сопло
Cурет 4.7
К. Э. Циолковский
(1857–1935)


135
ПРОЕКТ
5. Арнайы Ұлттық ғарыштық зерттеу бағдарламасы бар елдердің саны, 
солардың ішінде ғарышқа ұшыратын әмбебап айлағы бар мемлекеттердің 
қатары оннан аспайды. Сол алдыңғы ондықтың қатарында төскейінде 
«Байқоңыр» сияқты ғарыштық айлағы бар Ұлы 
д
ала елі – Қазақстан да 
бар.
Cурет 4.8. Байқоңыр қаласындағы С.П. Королевтің ескерткіші
және ең алғашқы «Союз» зымыранының көшірмесі
Әлемдік маңызы бар бұл ғарыш айлағының әлеуетін бірлесе пайдала-
ну үшін Қазақстан мен Ресей стратегиялық әріптес ретінде ұзақмерзімге 
келісім жасады. Осы келісім аясында экологиялық қауіпсіз «Ангара» 
зымыраны негізінде «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенін жасау жо-
басы жүзеге асырылатын болады. Қазақстан үшін бұл жобаның аса үлкен 
стратегиялық маңызы бар. Өйткені Ресей өз алдына жеке жұмыс жасай-
тын «Плесецк» және «Восточный» ғарыш айлақтарын салып алғаннан 
кейін еліміз үшін «Байқоңыр» айлағының ескіре бастаған инфрақұрылы-
мын жаңартып, болашақ дамуын қамтамасыз етудің маңызы зор.
«Қазғарыш» кешенді бағдарламасы қабылданғаннан бастап, ғарыш-
тағы қарекеттің белсенді жүргізіле бастауы ғылыми толымды жоғары 
технология негізінде экономиканың барлық саласын дамытуға айқара 
жол ашылды.
Қазақстандық 
ж
ер серіктерінің «KazSat» ғарыштық байланыс жүйесі 
қазірдің өзінде еліміздің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге 
және шет ел жерсеріктерінің ресурстарын жалға алудан босатып, қаржы 
үнемдеуге өлшеусіз үлес қосуда. Ал «KazSat-3» коммерциялық серігінің 
2014 жылы іске қосылуы Қазақстанның ақпараттық қауіпсіздігін то-
лығымен қамтамасыз етумен қатар, өз мүмкіндігінің едәуір бөлігін ше-
телдік компанияларға жалға беріп, отандық экономиканың дамуына 
қосымша қаржы тарта бастады.


136
ПРОЕКТ
Бұларға қоса Қазақстан байтағын 
алыстан шолып, суретке түсіріп оты-
ратын отандық ғарыштық жүйе жұмыс 
жасайды. Олардың қызметін мемлекет-
тік орталық және жергілікті органдар, 
сондай-ақ қорғаныс және қауіпсіздік 
мекемелері пайдаланады. Бұл жүйеге 
екі оптикалық ғарыштық аппарат
«Kaz-EOSat-1» пен «KazEOSat-2» және 
оларды жерден басқаратын кешенмен 
ғарыштан жіберген фотобейнелерді (сурет 4.9), басқа да ақпараттарды 
қабылдап өңдейтін кешендер кіреді. Қазірдің өзінде еліміздің барлық 
аумағы және әлемнің ірі қалалары суретке түсірілген. Олардың қызме-
тін мемлекеттік орталық және жергілікті органдар, сондай-ақ қорғаныс 
және қауіпсіздік мекемелері пайдаланады.
Қазақстандық ғарыш аппараттары көрші мемлекеттермен шегаралас 
аймақтарда орналасқан мұздақтар мен су көздеріне және трансшегаралық 
өзендерге мониторинг жүргізу жұмыстарын жалғастыруда. «KazEOSat-1» 
пен «KazEOSat-2» ғарыш аппараттарының сапалы суреттері мен бейне-
материалдарына көптеген мемлекеттер қызығушылық танытып отыр. 
Осыған орай ғарыштық бейнематериалдарды экспорттау көлемі жылдан-
жылға артып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет