Оқулық физика 9 проект башарұлы Р. т б



Pdf көрінісі
бет139/219
Дата22.12.2023
өлшемі5,74 Mb.
#142615
түріОқулық
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   219
§34.
 
дЫБЫС жәНЕ ОНЫң СИпАттАМАЛАрЫ


199
ПРОЕКТ
жарғанаттар 21 мың Гц-ке, дельфиндер 28 мың Гц-ке дейінгі тербеліс-
терді) қабылдай алады.
Дыбыс таралу үшін дыбыс көздері (сурет 5.27) мен дыбыс қабылдағыш 
арасында серпімділік қасиеті бар қандай да бір орта болуға тиіс. Ауасы 
жоқ бостықта дыбыс толқындары тарала алмайды, өйткені ондай ортада 
тербелістерді жеткізетін зат бөлшектері жоқ. Әдетте, дыбыс біздің құла-
ғымызға ауа арқылы жетеді. Өйткені ауа серпімді орта болып табы-
лады. Серпімді ортада дыбыс көздерінен тарайтын тербелістер өзінің 
таралу бағытында орта бөлшектерін ығыстырады, сөйтіп ол жерде ауа 
тығыздалады. Ауа молекулалары арасындағы серпімділік күштерінің 
әрекетінен тығыздалу аймағы сиреу аймағына алмасады. Осылайша ты-
ғыздалу мен сиреу құбылыстары қайталана отырып, ауада бойлық дыбыс 
толқындары тарайды.
2. Қарапайым бақылаулар дыбыс әртүрлі ортада белгілі бір жыл-
дамдықпен таралатынын көрсетеді. Дыбыстың таралу жылдамдығы 
зат бөлшектері бір-бірімен күштірек байланысқан орталарда үлкенірек 
болады, өйткені ондай орталардың деформациясы кезінде туындайтын 
серпімділік күштері де үлкен мәнге ие болады. Мысалы, ауада дыбыс 
340 м/с жылдамдықпен тарайды. Ал суда дыбыс ауадағыға қараған-да 
шамамен 4,5 есе тез тарайды. Қатты денелерде дыбыс одан да ұшқыр 
6000 м/с-қа жуық жылдамдықпен тарайды.
Дыбыс ауада баяуырақ таралатындықтан, найзағай жарқылынан 
соң күннің күркіреуі кейінірек естіледі. Найзағай жарқылы мен күн 
күркіреуі бір мезгілде болады. Жарық аса зор 300 000 км/с жылдамдық-
пен тарайды, сондықтан найзағай жарқылын біз сол мезетте-ақ көреміз, 
ал күннің күркіреуі бізге сәл кешігіңкіреп жетеді.
3. Дыбысты сипаттау үшін дыбыс 
қаттылығы, тонның биіктігі, 
тембр
сияқты арнайы физикалық шамалар енгізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет