Оқулық физика 9 проект башарұлы Р. т б



Pdf көрінісі
бет136/219
Дата22.12.2023
өлшемі5,74 Mb.
#142615
түріОқулық
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   219
сейсмикалық толқын-
дар
деп аталады.
Жер негізінен қатты болғандықтан, онда толқындардың екі түрі –
көлденең және қума толқындар бір мезгілде тарала алады. Бұл толқын-
дар әртүрлі жылдамдықпен таралады. Мысалы, 500 км тереңдікте 


196
ПРОЕКТ
сейсмикалық көлденең толқындардың жылдамдығы 

5км/с, ал қума 
толқындардың жылдамдығы 

10 км/с. Жер сілкіну ошағынан алыс 
орналасқан байқау стансысы алдымен бойлық, ал кейінірек көлденең 
толқындарды қабылдайды.
Жер сілкіну ошағынан келген тербелістерді тіркейтін 
сейфсмограф
деп аталатын құралдардың көмегімен жер сілкіну ошағына дейінгі қа-
шықтық және тербеліс қарқындылығы анықталады.
Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймақтары жоғары сейсмикалық ай-
мақтарға жатады. Соңғы жүз жыл аралығында бұл аймақта екі рет күші 
(Рихтер шкаласы бойынша) 9–10 балдық, екі рет 7–8 балдық, жүзден 
астам 6 балл шамасындағы жер сілкінісі болды. 6–7 балдық жер сілкі-
нісінің өзі көптеген шығындарға ұшыратады. Қазіргі кезде Қазақстан-
да 41 сейсмикалық стансы Жер сілкіністерін үзбей бақылайды.
1. Толқын немесе толқындық қозғалыс дегеніміз не? Оның қандай ерекше-
лігі бар?
2. Көлденең толқын қандай ортада қалай пайда болады? Бойлық толқын ше?
3. Су бетінде не себептен көлденең толқындар пайда болады? Сұйықтарда 
негізінен бойлық толқындар туындайды деген қағида сұйықтың қандай 
қасиетіне негізделген?
4. Толқын ұзындығы дегеніміз не?
5. Сейсмикалық толқын деп қандай толқындарды айтады?
6. Төмендегі мысалда келтірілген есептің шығару жолдарын түсіндіріңдер.
Есеп шығару мысалы
Есеп 1.
Балықшы су айдынындағы толқынды бақылай отырып, қалт-
қысының жанынан 10 с ішінде толқындардың 3 өркеші өткенін байқады. 
Толқынның ұзындығы мен оның тербеліс жиілігі қандай? Толқынның 
таралу жылдамдығын 2 м/с-қа тең деп есептеңдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет