Оқулық физика 9 проект башарұлы Р. т б



Pdf көрінісі
бет141/219
Дата22.12.2023
өлшемі5,74 Mb.
#142615
түріОқулық
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   219
4. Дыбыстың биіктігі
неге тәуелді болатынын анықтау үшін екі 
камертон алып, оларды дыбыс шығаруға мәжбүр етеді. Егер олардың 
тербеліс графиктерін салса, онда кішірек камертонның тербеліс жиілігі 
уақыт бірлігінде 
тығыз
(сурет 5.30, 
а
), ал үлкен камертонның сол уақыт 
бірлігіндегі жиілігі сирек (сурек 5.30, 
ә
) орналасатынын байқауға бола-
ды. Демек, 
дыбыс биіктігі
 тербеліс 
жиілігімен
 анықталады.
Белгілі бір жиіліктегі дыбыс толқынын 
тон 
деп те атайды. Сондық-
тан көбінесе дыбыс биіктігін 
дыбыс тоны
деп айтады.
Сонымен, 
тон биіктігі
 тербеліс 
жиілігімен
 анықталады, яғни тер-
беліс жиілігі үлкен болса, тон да биігірек болады
.


201
ПРОЕКТ
X
t
Биік дыбыс
Сурет 5.30: 
а
) биік және 
ә
) төмен дыбыстар графиктері
t
Төмен дыбыс
X
Адам дауысын тон биіктігі бойынша бірнеше диапозанға бөледі: 
бас
(80–150 Гц), 
баритон
(110–149 Гц), 
тенор
(130–520 Гц), 
дискант
(260–
1050 Гц), 
колоратуралық сопрано
(1400 Гц-ке дейін).
5. Дыбыстың тағы да бір маңызды сипаттамасы оның бояуы немесе 
музыканттардың айтуынша, оның 
тембрі
болып табылады.
Тембр
деп адамның дауысына немесе аспаптың үніне өзіндік бояу 
беретін дыбыстың сапасын айтады.
Дыбыстың тембрі бойынша біз кімнің сөйлеп жатқанын немесе 
қандай аспапта ойнап жатқанын анықтай аламыз, яғни дыбыс тембрі 
бойынша дыбыс көзі анықталады. Мысалы, қаттылығы да, жиілігі де 
бірдей дыбыстардың әртүрлі музыкалық аспаптардағы үні түрліше шы-
ғады, бірдей нота түрліше орындалады.
6. Денелердің гармоникалық тербелістері 
синусоидалық толқындар
деп аталатын толқындарды туғызады. Алайда нақты дыбыс көзінің тербе-
лісі кезінде пайда болатын толқындардың пішіні күрделі болып келеді. 
Оған микрофоннан (1), дыбыс зорайтқыштан (2) және осциллографтан (3) 
тұратын қондырғының көмегімен әртүрлі дыбыстардың осциллограмма-
сын алып көз жеткізуге болады (сурет 5.31). Егер микрофонның алдында 
тұрып, қандай да бір әуенді айтсақ, осциллографтың экранында күрделі, 
бірақ периодты қисықты байқауға болады (сурет 5.31, 
ә
). Мұндай күрде-
лі музыкалық дыбыс әртүрлі жиіліктегі гармоникалық тербелістердің 
қосындысы түрінде қарастырылады.
Күрделі музыкалық дыбыстың ең төменгі жиілігі 
негізгі жиілік
, ал 
оған сәйкес келетін белгілі бір биіктіктегі дыбыс 
негізгі тон
деп аталады. 
Күрделі дыбыстың биіктігі дәл осы негізгі тонның биіктігімен анықта-
лады. Осы тон бойынша адамдардың дауысы, аспаптардың дыбыстары 
жоғары немесе төмен болады.
Әдетте негізгі тонға 
обертондар
немесе 
гармоникалар
деп аталатын 
қосымша жиіліктер ілесе жүреді. Обертондардың жиілігі негізгі жиілік-
тен екі, үш және т.с.с. есе артық болады.
Негізгі тонға обертондар неғұрлым көбірек қосылған болса, әрбір 
обертоннның күшіне байланысты дыбыс тембрі де соғұрлым әр алуан 
болып келеді. Әсіресе әншілердің дауысы, скрипка үні обертондарға бай.


202
ПРОЕКТ
Сурет 5.31. Осциллографтағы дыбыс тербелісінің графигі
 

 
а

ә
)
3
2
1


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет