279
ПРОЕКТ
да қолданылады. Электр энергиясымен жұмыс істейтін рентгендік аппа-
раттарға қарағанда шағын кобальт-60 изотопы алып жүруге ыңғайлы
және тұрақты электр көзін қажет етпейді. Әрине, аса өткіш гамма-сәуле-
лерден сақтану ережелерін қатаң орындап отыру керек.
Фосфор-32 және йод-131 радиоизотоптары ішкі ақауларды анықтау-
ға, өсімдік бойындағы және адам мен жануар ағзаларындағы тамырлар
мен ішек-қарындағы заттардың қозғалысын бақылауға қолданылады.
Сөйтіп, ішкі органдардың күйін біліп, ондағы жара мен ісіктердің диаг-
ностикасы жасалады.
Таңбалы атомдар бағалы заттарды, қымбат бұйымдарды, сондай-ақ
ақша банкноттарын сараптау үшін де қолданылады. Радиоизотоптар-
дың таңбалы атомдарын механизмдердің подшипниктеріне, қажалатын
басқа да бөліктеріне алдын ала енгізіп, олардың бұзылу жылдамдығын
радиоактивті үгінділер арқылы біле аламыз.
3. Табиғи және жасанды радиоактивті изотоптарда ядролардың өз-
дігінен ыдырау процесі үздіксіз жүріп жатады. Демек, олар сыртқы
ортаға
және
-бөлшектері мен гамма кванттарын үнемі атқылаумен
болады.
Мұндай радиоактивті сәулелерді
Достарыңызбен бөлісу: