Оқулық физика 9 проект башарұлы Р. т б



Pdf көрінісі
бет198/219
Дата22.12.2023
өлшемі5,74 Mb.
#142615
түріОқулық
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   219
§50.
 
рАдИОАКтИвті ИЗОтОптАр.
рАдИАцИядАН ҚОрҒАНу
1. Радиоактивті изотоптарды ғылыми зерттеулерде, өнеркәсіпте, ауыл-
шаруашылығында, медицинада, басқа да салаларда қолдану күннен-күн-
ге артып келеді. Алайда табиғи радиоактивті изотоптарды пайдалану 
көптеген қолайсыздықтар туғызады. Оның себебін түсіндіру де қиын 
емес.
Табиғи радиоктивті нуклидтердің (мысалы, уран, радий адролары 
т.с.с.) массалық сандары жоғары болып келеді. Сонымен қатар олардың 
жартылай ыдырау периодтары да 4,5 млрд жыл құрайды. Оның үстіне 
ауыр элементтер табиғатта шашыранды түрде сирек кездеседі.
Сонымен, 
әрі арзан, әрі жеңіл және жартылай ыдырау периоды өте 
қысқа жасанды радиоактивті изотоптар шығаруға болмас па
? деген 
сұрақ туды. Ондай радиоактивті изотоптар қоршаған ортаға да көп зиян 


278
ПРОЕКТ
келтірмейді. Қолданыс тапқаннан кейін оның радиоактивті нуклидтері 
тез ыдырап, қауіпті сәулелер шығармайды.
Зерттеулер жеңіл элементтерді әртүрлі бөлшектермен атқылау ар-
қылы жасанды радиоактивті изотоптарды алуға болатынын көрсетті.
Жасанды жолмен алынатын радиоактивті изотоптарды 
радио-
изотоптар
 деп атайды.
Радиоизотоп 1934 ж. алғаш рет алюминийді 

-бөлшегімен атқылап, 
ядролық реакция туғызу арқылы алынды:
13
27
2
4
15
30
0
1
A + He =
P +
n
.
Бұл реакцияда пайда болған жаңа изотоп фосфор ядросының жар-
тылай ыдырау периоды 3 минуттан аспайды. 
Сол сияқты магнийді нейтрондармен атқылағанда, натрий изотопы 
пайда болады:
12
24
0
1
11
24
1
1
Mg +
=
Na + H
n
.
Мұндай ядролық реакциялардан таза сутек өндіруге болатыны кө-
рінеді. Сутек термоядролық отын ғана емес, тамаша химиялық та отын 
болып табылады. Ол оттекпен қосылып жанғанда (химиялық реакцияға 
түскенде), күл немесе түтін-күйе орнына қоршаған ортаны ластамайтын, 
тап-таза мөлдір су түзеді. Осылайша жер қойнауындағы қоры азайып келе 
жатқан органикалық отын орнына сутекті пайдалану идеясы туындайды.
Жасанды радиоактивтікті тұңғыш ашқан Ирен Жолио-Кюриге және 
оның күйеуі Фредерик Жолио-Кюриге 1935 жылы Нобель сыйлығы тап-
сырылды.
2. Изотоптардың атомдары белгілі бір ортада қозғала отырып, радиа-
циялық сәулелері арқылы сол ортаның жай-күйі туралы үнемі хабар
беріп тұрады. Сондықтан 
радиоактивті изотоптардың атомдарын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   219




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет