276
3. Басқарылатын термоядролық реакция алу үшін қандай
проблемаларды
шешу керек?
4. Басқарылатын термоядролық реакциялардың
қандай артықшылықта-
ры бар?
E =
∆
m · 931 МэВ формуласын пайдаланып, төмендегі есептерді шы-
ғарыңдар. Формаладағы
∆
m =
∑
m
сол
–
∑
m
оң
айырымы бойынша анық-
талады.
1. Бөлшектер мен атомдардың тыныштық массалары мен энергиялары көр-
сетілген кестелердегі мәндерін пайдаланып, мына
3
7
1
2
4
8
0
1
Li + H
Be +
→
n
ядролық реакцияда қанша энергия босап шығатынан анықтаңдар.
2. Мына
1
2
1
3
2
4
0
1
H + H
He +
→
n
термоядролық реакцияда қанша энергия бо-
сайды?
Семей ядролық полигоны тарихынан
Жаттығу 7.5
Міне, осылайша Қазақстан аймағында атом қаруын Жер бетінде де, атмосфера
мен жер қойнауында да сынау үзіліссіз 40 жылға ұласты. Олардан қалған
«ескерткіштер» де жетерлік (сурет 7.11). Суреттегі «атом» көлі қуаты 140 килотон-
ПРОЕКТ
Кеңес Одағында ядролық қару бірінші рет Семей полигонында 1949 жылы
29 тамыз айында сыналды. Оның жарылыс қуаты 22 килотоннаны құрады.
1953 жылдың 12 тамызында қуаты 400 килотонна болатын термоядролық
(сутек) бомбасы Жер бетінде сынақтан өтті. Ал 1955 жылдың 29
тамызында
қуаты бұдан да жоғары термоядролық бомба Жер бетінен 2 км биіктікте ауада
жарылды. Ядролық қаруды сынау қарқынының артқандығы сондай, тек алғашқы
14 жылдың ішінде Семей полигонында жарылған ядролық қарудың жалпы
қуаты Жапонияның Хиросима қаласын 1945 жылы тұрғындарымен бірге жермен-
жексен еткен Американың атом бомбасының қуатынан 2500 есе асып түсті.
Cурет 7.11.
а
)
Полигондағы қондырғы;
ә
) «Атом» көлі
а
)
ә
)
277
ПРОЕКТ
на болатын сутек бомбасының жарылысынан кейін 1965 жылы пайда болды.
Мұндай қуат 2000 вагон тротилдің бір мезгілдегі жарылысына пара-пар еді.
«Атом» көлінің диа-метрі 500 м, тереңдігі 80 м. Көл жиегіндегі радиация қазірдің
өзінде қалыпты нормадан 114 есе асып түседі.
Осы жылдар аралығында Семей полигонында ғана кем дегенде 468 ядро-
лық жарылыс орын алды. Бұндай алапат ядролық жарылыстардың ауыр зарда-
бын Қазақстанның бүкіл батыс және орталық аймақтары ғана тартып қойған
жоқ, сонымен қатар көрші елдер де сезінді. Өйткені жарылыста пайда болған
радиоактивті сәулелер мен тозаңдарды, тіпті сонау алыста жатқан Скандинавия
елдерінің де ғалымдары өз аймақтарында тіркеп отырған.
Еуропаның бірнеше
елдерінің байтағын қамтуға жарарлық 18500 км
2
аумақты алып жатқан бұл
полигонның 300 км
2
бөлігі аса қауіпті аймаққа жатады. Өйткені бұл аймақта ша-
шылған радиоактивті элемент плутонийдің толық ыдырауы үшін 100000 жылдан
аса уақыт қажет. Алайда соған қарамастан әлемдегі ядролық полигондардың
ішінде адамдар суын ішіп, жерін басып тұрып жатқан бірден-бір полигон Семей
ядролық полигоны болып табылады.
Халқымызға аса мол қасірет әкелген бұл полигон ел тәуелсіздігі қарсаңын-да
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың жарлығы-
мен 1991 жылы 29 тамызда жабылды. Оны жабуға ядролық қаруға қарсы Олжас
Сүлейменов басқарған «Невада-Семей» халық қозғалысы зор үлес қосты. Қа-
зірдің өзінде де (2009 жылғы деректер бойынша) оның қауіпті аймақтарында
радиоактивті сәулеленулердің дозасы сағатына 10–20 миллирентгеннен асады.
Достарыңызбен бөлісу: