джоульмен өлшенетінін де айтқанбыз.
Бір джоуль деп бір ньютон күштің денені бір метрге жылжытқандағы жұмысын айтады :
1 Дж = 1 Н · 1м = 1 Н · м. Механикалық жұмысты атқаратын күштерге мысал ретінде
ауырлық күшін (
F a =
mg ),
серпімділік күшін (
F сер. =
k |
∆
x |) және
үйкеліс күшін (
F үйк. =
N ) атаған болатынбыз. Механикалық жұмысты атқара алмай-
тын күштер де бар. Сондықтан механикалық жұмысты атқара алатын
күштерге қойылатын талаптарды білудің маңызы зор.
2. 7-сынып физикасында айтқанымыздай, механикалық жұмысты
жасау үшін, біріншіден, денеге белгілі бір күш әрекет етуі керек; екін-
шіден, осы күштің әрекетінен дене орын ауыстыруы қажет. Ньютон-
ның екінші заңы механикалық жұмысты атқарудың осы талаптарын
толығымен сипаттайды. Мұндай талаптар Ньютонның екінші заңының
∆
( m v
) = F ∆
t түріндегі жазылу формасынан туындайды. Бұл формула, бір
жағынан, егер денеге
∆
t уақыт аралығында
F күші әрекет ететін бол-
са, онда оның
v
жылдамдығының бағытының да, модулінің де қалай
өзгеретінін анықтауға мүмкіндік береді. Екінші жағынан, дененің кеңіс-
тіктегі
∆
r
орын ауыстыруына сәйкес келетін жаңа күйін де айқындайды,
яғни координаталарын табуға да жәрдемдеседі. Ендеше, механикалық
жұмысқа мынадай анықтама бере аламыз:
Ньютоннның екінші заңымен сипатталатын күштердің атқара- тын жұмысы