184
ПРОЕКТ
Сурет 5.19.
а
) және
ә
) маятниктер;
б
) еріксіз тербеліс амплитудаларының мәжбүрлеуші күштердің
жиіліктеріне тәуелділігін
сипаттайтын график
а
)
ә
)
б
)
А
В
1
2
3
4
1
2
3
4
Х
м
О
0
4 маятниктің де ұзындықтары бірдей болғанда, яғни жиіліктері
0
ша-
масына жеткенде ауытқудың шамасы күрт өседі де (қызыл сызық),
маятниктер байланған тұғырды теңселтіп құлатуға әкеледі. Бұдан сырт-
қы күштердің жиіліктері жүйенің меншікті жиілігімен теңелгенде
(
1
=
2
=
3
=
0
)
резонанс құбылысының орын алатындығын көреміз.
5. Резонанс құбылысымен жиі ұшырасамыз. Бірақ көбінесе оған
мән бермейміз. Мысалы, үйдің
тұсынан трамвай, трактор, пойыз, жүк
машинасы т.б. өте шыққан кезде, терезенің әйнегі дірілдеп, шыныаяқтар
сылдырлайды. Өйткені сыртқы тербелістер жиілігі үйдегі денелердің
меншікті жиілігімен сәйкес келеді де,
соның салдарынан резонанс
құбылысы пайда болады.
Резонанстың пайдасы да, зияны да бар. Пайдалы болған кезде оны
арттыруға тырысады. Мысалы, жол құрылысында, үйдің іргетасын құй-
ғанда, құйматасты (бетонды) немесе сусыма нәрселерді тығыздау үшін
арнайы вибратор-тығыздағыштар пайдаланылады. Ал резонанстың зиян-
ды жақтарын болдырмау үшін әртүрлі шаралар қолданылады. Мысалы,
аяқтарын
бірдей жиілікпен басып, сап түзеп келе жатқан сарбаздар
шеруі қандай да бір көпірден өтер кезде «еркін жүріс» деген бұйрық
беріледі. Еркін жүріс кезінде әр сарбаздың
аяқ алысының жиілігі
әртүрлі болады да, көпірдің тербеліс жиілігіне сәйкес келмейді. Сөйтіп,
резонанс құбылысы орын алмайды. Сондай-ақ электрқозғалтқыштар,
бу және газ турбиналарының табаны іргетасқа бекітілсе,
олардың
тербелісі біртұтас еден арқылы машина орналасқан үйге беріледі. Соның
салдарынан іргетастың еріксіз тербелістерінің амлитудасы үлкен мәнге
жетіп, нәтижесінде үйдің құлауы да мүмкін. Мұндай жағдайларда
да тербелістердің меншікті жиілігі сыртқы күштің
жиілігімен дәл
келмейтіндей шаралар жасалады.