гравитациялық өріс деп аталатын айрықша
өрістің пайда болатындығы белгілі болды.
2. Әлемнің механикалық көрінісі кейінірек
әлемнің электрдинами- калық көрінісімен жетіле түсті. Әлемнің жаңа физикалық көрінісі
гравитациялық өріске мүлде ұқсамайтын
электрмагниттік өріс деп ата-
латын тағы бір айрықша өрісті сипаттайтын Максвелл теорияларына
негізделеді. Расында да, физика ғылымының дамуы барысында дене-
лердің қасиеті тек массаларымен ғана емес, олардың бойындағы екі түрлі
±
q зарядтарымен де сипатталатындығы анықталды. Оның үстіне заряды
бар қозғалмайтын дененің төңірегінде
электр өрісінің , ал қозғалыста-
ғы зарядталған дененің төңірегінде
магнит өрісінің пайда болатынды-
ғы ашылды. Сонымен қатар айнымалы электр және айнымалы магнит
өрістері алма-кезек бірін-бірі туғызып,
электрмагниттік деп аталатын
айрықша өріс пайда болады.
Электрмагниттік өрістің кеңістікте толқын түрінде тарайтындығын
Максвелл теория жүзінде дәлелдеді. Ол Күннен және басқа да қызған
денелерден тарайтын жарық сәулелері кеңістікте тараған электрмагнит-
тік толқын деп жорыды. Жарықтың таралу жылдамдығын да
с =
λ
· ν
=
= 3 · 10
8
м/с Максвелл есептеп берді.
Оның теориялық болжамдары кейінірек эксперименттерде толығы-
мен дәлелденді.
Сөйтіп, бізді қоршаған дүниенің негізін құрайтын материяның екі
түрі:
заттық және
өрістік формалары белгілі болды.
Жарық жылдамдығы да (
с ) гравитациялық тұрақты (
G ) сияқты
ірге- лі әмбебап тұрақты болып табылады. Ол масса мен энергияның бай-
ланысын беретін Эйнштейн формуласында да (
∆
Е =
∆
m ·
c 2
) көрініс тап-
ты. Осылайша адамзат санасында дүниенің жетіле түскен жаңа физика-
лық бейнесі