Оқулық. Г. О. Сыздықова Алматы, 2012. 160 бет



Pdf көрінісі
бет74/76
Дата29.07.2022
өлшемі457,37 Kb.
#37970
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76
Байланысты:
Syzdykova-Kazirgi-kazak-tili

155
Глоссарий
Адвербиалдану (латын. үстеу) – морфологиялық жолмен басқа сөз 
таптарынан үстеуге айналған сөздер.
Адьективтену (латын. сын есім) – басқа сөз таптарының сын есімге 
айналуы.
Аналитизм (грек. жіктелу, ыдырау) – сөздің негізгі (лексикалық) 
жəне қосымша (грамматикалық, сөзжасамдық) мағыналарын ажыратып 
білдіретін, синтетизмге қарама-қарсы типологиялық құбылыс. 
Аналитикалық форма (грек. жіктелген, дараланған; латын. құрамды, 
күрделі) – құрамы негізгі атауыш жəне көмекші жеке сөздерден тұратын 
грамматикалық форма.
Аналитикалық формант – қосымша мен көмекші етістіктен құралған, 
етістіктің белгілі бір грамматикалық категориясына қатысты мағынаны 
білдіретін морфологиялық көрсеткіш.
Аффикс (латын. жалғанған) – қосымша, түбірге жалғанып, 
грамматикалық немесе сөзжасамдық мағына тудыратын сөз бөлшегі, 
сөздің ең кіші құрылымдық элементі, көмекші морфема. 
Вербалдану  (латын. етістік) – басқа сөз таптарына жататын сөздердің 
етістікке ауысуы. 
Грамматика (грек. əріп, жазу д.м.) – тіл құрылысын зерттейтін тіл 
білімінің бір саласы.
Грамматикалану – дербес мағыналы сөздердің көмекші сөз 
қызметінде жұмсалуы нəтижесінде лексикалық дербестігінен айрылуы. 
Грамматикалық категория – мағынасы біртектес грамматикалық 
тұлғалардың бір-бірінен өзгеше жүйесі.
Грамматикалық мағына – тілде қалыпты сипаты бар сөздер тобы мен 
сөз тұлғаларына, синтаксистік құрылымдарға тəн жинақты, дерексіз 
тілдік мағына. 
Грамматикалық форма – грамматикалық мағынаның қалыпты 
көрінісін білдіретін тілдік белгі. 
Инфинитив (латын. анықталмаған форма) – флективті жəне 
агглютинативті тілдердегі етістіктің қимыл атауының формасы, тұйық 
рай етістік. 
Көптік жалғау – көптік ұғымды білдіретін қосымша. 
Көптік категориясы – белгісіздік мөлшерін білдіретін категориялық 
тұлға.


156
Көпше форма – заттың көп екендігін немесе көптік түрде 
қолданылатынын білдіретін категориялық форма.
Модальдылық (латын. модальды) – айтылған пікірдің шындық 
болмысқа, сонымен бірге оған сөйлеушінің əртүрлі субъективтік 
бағасын білдіретін функционалды-семантикалық категория.
Модаль сөздер – айтылған пікірдің шындық болмысқа қатысы тура-
лы сөйлеушінің көзқарасын білдіретін сөздер. 
Морф (грек. форма д.м.) – мəтіннің морфемдік деңгейде əрі қарай 
жіктеуге болмайтын маңызды шағын бірлігі, морфеманың мəтіндік 
көрінісі.
Морфема – əрі қарай жіктелмейтін, ең кішкентай белгі ретінде таны-
латын негізгі тіл бірліктерінің бірі. 
Морфология (грек. форма жəне сөз туралы ілім д.м.) – сөздер мен 
сөз тұлғалардың құрылымын, қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін тіл 
білімінің бір саласы.
Морфологиялық парадигма – сөздің грамматикалық мағынасы мен 
əртүрлі қосымшалар жалғану арқылы тұлғасының өзгеруі арасындағы 
сəйкестіктен жасалған модельдер, схемалар. 
Нөлдік форма – сөйлемде кейбір сөздердің арнайы грамматикалық 
формасыз-ақ грамматикалық мағына білдіруі.
Парадигма – 1. Кең мағынада бір-бірінен ерекшеленіп келетін, со-
нымен бірге бəріне ортақ белгілері арқылы біріккен кез келген тілдік 
бірліктер тобы; 2. Осындай топтар мен жиынтықтардың жасалу үлгісі 
мен схемасы; 3. Неғұрлым тар мағынада – морфологиялық парадигма 
терминінің синонимі. 
Прономиналдану – басқа сөз табына жататын сөздердің есімдікке ай-
налуы. 
Септеу – 1) есім сөз таптарының түрленуі; 2) жекеше, көпше септік 
формаларының жиынтығы.
Септік жалғауы – сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен байланысты-
рып, олардың арасындағы синтаксистік қатынастарды көрсетіп, өзі 
жалғанған сөзге грамматикалық мағына үстейтін қосымша.
Септеулік шылаулар – толық мағыналы сөздерге тіркесіп, əртүрлі 
грамматикалық қатынасты білдіретін шылаулар. 
Синтетикалық форма (грек. қосу, құрастыру) – сөздің негізіне 
қосымшалардың жалғануы арқылы туатын, яғни аффикстік тəсілмен 
жасалатын сөз формасы.
Сөз табы – өздеріне тəн лексика-семантикалық, морфологиялық 
жəне синтаксистік ортақ белгілердің негізінде қалыптасқан категория-
лары бар сөз топтары.
Сөзтұлға – белгілі бір грамматикалық тұлғада тұрған сөз. 


157
Субстантивтену – басқа сөз таптарына жататын сөздердің зат есімге 
айналуы.
Тəуелдік жалғау – бір заттың басқа бір затқа тəуелді, меншікті екенін 
білдіретін, зат есімнің тəуелдеу категориясының қосымшасы.
Тəуелдеу категориясы – заттың үш жақтың біріне меншікті екенін 
білдіретін грамматикалық категория. 
Транспозиция (латын. орын алмастырушы) – парадигмалық 
қатардағы бір форманы одан өзгеше басқа форма орнына пайдалану; 
кең мағынада кез келген тілдік форманың ауысуын; тар мағынада бір 
сөз табындағы сөздің басқа сөз табына ауысуын не сол сөз табының 
қызметін атқаратынын білдіреді.
Формант (латын. жасаушы, тудырушы) – 1) аффикс мағынасында; 2) 
сөзжасамдық жəне сөз түрлендіргіш қосымшалардың бірігуінен туған 
сөздің күрделі формасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет