70
жатқызылады. Ғалым «нəрсенің жоқтығын, яки анық белгілі
еместігін көрсеткенде айтылатын сөздерді» танықтық есімдігі деп
атап, бұл топқа
ешкім, ештеме, дəнеме, ешбір тəрізді болымсыздық
есімдігі мен
біреу, əлдекім, əлдене, кей, қайсыбір тəрізді белгісіздік
есімдіктерін жатқызады. Ғалымның топтастыруы есімдіктердің
қалыптасқан топтарына аталуы мен саны жағынан сəйкес
келмегенімен, мұнда қазақ тіліндегі есімдіктердің барлық түрі
толық қамтылған. Ғалымдар Ə. Ибатов, А. Ысқақов, Н. Оралбайдың
еңбектерінде есімдіктердің мағыналық жеті түрі, атап айтқанда,
жіктеу, сілтеу, сұрау, өздік, белгісіздік, болымсыздық жəне жалпылау
есімдіктері бөлініп көрсетіледі.
Белгілі бір жаққа қаратыла, сол жақты көрсету үшін айтылатын
есімдіктер жіктеу есімдіктері деп аталады. Жіктеу есімдіктеріне
жақтық қасиет тəн. Бұл қасиет аталған есімдіктер қатарындағы
мен,
сен, сіз, ол, біз, сендер, сіздер, олар жіктеу есімдіктерінің белгілі бір
жаққа қатысы арқылы анықталады. Жіктеу есімдіктері белгілі бір
жақты көрсетіп қана қоймай, тыңдаушы мен бөгде жаққа сөйлеушінің
қатысының дəрежесіне сай қолданылады.
Жіктеу есімдіктері морфологиялық тұрғыдан септік, тəуелдік
жəне жіктік жалғауларын бірдей тұлғада қабылдамайды. Мəселен,
олар негізгі жақтық мағынада қолданылғанда, тəуелдік мағына
білдіретін
-нікі/-дікі/-тікі жұрнақтарын ғана қабылдайды. Мыса-
лы:
менікі, сенікі, біздікі, онікі, т.б. Ал жіктік жалғаулары ол, олар
жіктеу есімдіктеріне мүлдем жалғанбайды. Тек 1-2 жақта жеке-
ше, көпше мағынада қолданылатын жіктеу есімдіктері ғана жіктік
жалғауларын қабылдап, белгілі бір жаққа қатысты қолданылады.
Жіктеу есімдіктерінің септелу жүйесінде де бірізділік сақталмайды.
Бұл ерекшелік, əсіресе,
мен, сен есімдіктерінің септелу жүйесінен
анық көрінеді. Мысалы:
мен – менің, маған, мені, менімен; сен –
сенің, саған, сені, сенімен, т.б.
Сонымен жіктеу есімдіктері сан жағынан аз болғанымен,
түрлену жүйесі аса күрделі, қызметі жағынан өте жиі қолданылатын
есімдіктердің бір тобы ретінде танылады.
Сілтеу есімдіктері негізгі лексикалық мағынасы жағынан аралық
қатынасты білдіреді. Сондықтан сөйлеушіге немесе сөйлемдегі
субъектіге заттар мен құбылыстардың жақын не алыс қашықтықта
екендігін нұсқау, көрсету үшін қолданылатын есімдіктер сілтеу
есімдіктері деп аталады. Сілтеу есімдіктеріне
Достарыңызбен бөлісу: