Оқулық. Г. О. Сыздықова Алматы, 2012. 160 бет


Пайдаланылған əдебиет тізімі



Pdf көрінісі
бет34/76
Дата29.07.2022
өлшемі457,37 Kb.
#37970
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   76
Пайдаланылған əдебиет тізімі:
1.
Ибатов Ə. Қазақ тіліндегі есімдіктердің тарихынан. – Алматы, 1966.
2.
Байтұрсынұлы А.Тіл – құрал. – Алматы, 2009.
3. Қазақ тілінің грамматикасы. – Алматы, 1967.
4. Қазақ грамматикасы. – Астана: Елорда, 2002.
5.
 Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. – Алматы, 1991.


76
6.
Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. – Алматы, 2007. 
7. 
 Салқынбай А. Абақан Е. Лингвистикалық түсіндірме сөздік. 
– Алматы, 1998.
Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
1. Есімдіктің зерттелуі, сөз табы ретіндегі ерекшелігі.
2. Есімдіктің мағыналық түрлері.
3. Жіктеу есімдігінің жақтық мағынасы, түрленуі.
4. Сілтеу есімдігі, басты белгілері, мағыналық топтары.
5. Сұрау есімдігі, морфемдік құрамы, түрленуі.
6. Өздік есімдігі, ерекшелігі, түрленуі.
7. Белгісіздік есімдігі, мағынасы, түрленуі.
8. Болымсыздық есімдігі, құрамы, мағынасы, түрленуі.
9. Жалпылау есімдігі, мағынасы, түрлену жүйесі, ерекшелігі.
10. Есімдіктердің қызметі.
9. Етістік. Етістіктің грамматикалық категориялары
Заттың іс-қимылын, əрекетін, күйін, белгінің, көңіл-күйдің, 
қарым-қатынастың қимыл түрінде өзгеруін білдіретін сөз табы 
етістік деп аталады. Етістіктер семантикалық жағынан қимылды, 
іс-əрекетті, əртүрлі өзгеріс, құбылыстарды білдіреді. Сөздерді 
таптастырудың лексика-семантикалық, морфологиялық жəне 
синтаксистік қағидаттарының белгілері етістік сөздердің өн бойы-
нан табылатындықтан, етістіктің жеке сөз табы ретінде танылуы 
еш күмəн тудырмайды. Сондай-ақ етістіктердің сөз табы ретіндегі 
қалыптасу тарихында кейінгі іргелі зерттеулерге негіз болған 
А. Бай тұрсынов, Қ. Жұбанов, Н. Сауранбаев, Ы. Маманов, А. Əбіл-
қаев, А. Ысқақов, С. Исаев, Н. Оралбай, А. Қалыбаева, т.б. 
ғалымдардың еңбектерінің маңызы зор. 
Етістік – ең күрделі сөз табының бірі. Бұл оның лексика-
семантикалық ерекшелігінен, түбір тұлғасы мен оған үстелетін 
грамматикалық формалары жəне олардың арақатынасынан, 
грамматикалық категорияларынан, жаңа сөз жасау жүйесінен, 
қолданылу аясынан, сөйлемдегі қызметінен, т.с.с. лексика-
грамматикалық қасиеттерінен көрінеді. 
Етістік қимылдың, іс-əрекеттің атын білдіретін сөз табы 
ретінде анықталғанымен, ғалым С. Исаев қимылдың аты етістіктің 


77
кейбір тұлғалары, атап айтқанда, қимыл есімі не тұйық етістік 
арқылы берілетінін, ал етістіктің қимылдың атын емес, нақ өзін 
білдіретіндігін ерекше атап көрсетеді. Ал Н. Оралбай қимыл 
ұғымын етістіктің жалпы мағынасымен байланыстырады. 
Етістіктің зерттелуінде кеңінен қарастыруды қажет ететін 
мəселелердің бірі – етістіктің түбір тұлғасы мен бұйрықтық мағы-
наның аражігін анықтау. Бұл туралы ғалымдар арасында түр лі ше 
тұжырымдар жасалады. Мəселен, Н. Оралбай «бұйрық мағына түбір 
етістіктің өзінде берілген, сондықтан бұйрықтың қай жаққа қатысын 
білдіру үшін етістікке тек жіктік жалғау ғана жалғанады» десе, 
Ə. Тө 
леуов «Етістіктің морфологиялық белгілері мынадай: 
етістіктің түбірі 2-жақтың бұйрық райы болады да, оның басқа 
түрлері осы формасына қосымшалар қосылу арқылы жасалады. 
Яғни, оның морфологиялық категориялары бұйрық райдан өрбіп 
жатады» деген пікір білдіреді. Ғалым А. Хасанова да «түбір сөз 
немесе түбір тұлға деп аталатын термин тұрғысынан қарағанда, 
етістіктің басқа сөз таптарынан өзіндік ерекшеліктері бар. Ол мейлі 
негізгі не туынды түбір (
біт, өкін. өйтіп, өйтпегенде), дара не 
күрделі (
біліп ал) тұлғаларда келсін, шақ, рай, т.б. грамматикалық 
категориялардың арнайы формалары қосылмағанның өзінде 
сол категориялардың белгілі мағынасында қолданылады. Осы 
келтірілген əрбір етістік 2-жақтың анайы түріне қаратыла ай-
тылып (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет