Оқулық. Г. О. Сыздықова Алматы, 2012. 160 бет


Пайдаланылған əдебиет тізімі



Pdf көрінісі
бет55/76
Дата29.07.2022
өлшемі457,37 Kb.
#37970
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   76
Байланысты:
Syzdykova-Kazirgi-kazak-tili

Пайдаланылған əдебиет тізімі:
1. Қазақ тілінің грамматикасы. – Алматы, 1967.
2.
Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. 
– Алматы, 1998. 
3.
Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. – Алматы, 2007.
4. Қалиев Ғ. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі.
– Алматы, 2005. 
5.
Алтаева А. Көмекші етістіктердің семантикасы. – Алматы, 2006.
6.
Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. – Алматы, 1996. 
7. Қазақ грамматикасы. – Астана, 2002. 


123
Тақырып бойынша бақылау сұрақтары
1. Модаль сөздердің сөз табы ретінде қалыптасуы.
2. Модальділік мағына мен модаль сөздердің арақатынасы.
3. Модаль сөздердің басқа сөз таптарымен байланысы.
4. Модаль сөздердің лексика-грамматикалық белгілері.
5. Модаль сөздердің семантикасы.
6. Болжал мəнді модаль сөздер, құрамы, ерекшелігі.
7. Міндеттілік мəнді модаль сөздер, берілуі, ерекшелігі.
8. Біреудің сөзі не дерек негізіндегі модаль сөздер, құрамы, ерекшелігі.
9. Қостау (растау) мəнді модаль сөздер, құрамы, ерекшелігі.
10. Қалау (тілек) мəнді модаль сөздер, құрамы, ерекшелігі.
11. Күмəн (күдік) мəнді модаль сөздер, құрамы, ерекшелігі.
12. Айтылған хабардың ақиқатына көзі жеткендікті білдіретін модаль
сөздер, құрамы, ерекшелігі.
13. Сенімділікті білдіретін модаль сөздер, құрамы, ерекшелігі.
14. Модаль сөздердің қызметі.


124
Е к і н ш і б ө л і м
Практикалық сабақтардың тақырыптары мен 
тапсырмалар
1. Тілдің грамматикалық құрылысы
1. Сөйлемдердегі сөздерге морфологиялық талдау жасап, 
морфемалық құрамын анықтаңыздар.
Қонақасыға əрқашан аса мырза атанған Сүйіндік үйі бүгін де 
етті келістіріп асқан екен. Қарабастың өткір сары пышағы қыстан 
қалған семіз жаяны да, алтындай сары уілдірікті де лып-лып сызып, 
жапырақтап жатыр. Қыс бойы бордаққа байлаған, жаңада сойылған 
семіз қойдың жас сүбелері де бар екен (М. Əуезов). Шай ішіп болған 
соң, Ршыман бос кесеге ыстық су құйғызып алып, ұстарасымен 
сақал-мұртын басты. Əлі де қайраты қайтып, жаси қоймаған сақал-
мұрты қияқтай қатты білінгенімен, ағы дендеп бурыл тартыпты 
(А. Сейдімбек). 
2. Берілген сөздердің құрамындағы морфема түрлерін анықтап, 
түбір жəне қосымша морфемаларды бөліп жазыңыздар.
Қалың, көңілдену, білезік, түйеөркеш, жұмсақ, мезгіл, мезет, 
көкшіл, ұзақ, жүргінші, қысқы, желіс, желі, томсарыңқы, кеңес, 
кеңей, тыным, ағынды, сана, күмбірлет, жиналу, қалады, жайғас, 
түсінбес, бітімі, төселу, көндік, орналастыру, сейілту, түсіндірді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет