Оқулық. Г. О. Сыздықова Алматы, 2012. 160 бет


Сөз таптары жəне сөздерді таптастыру қағидаттары



Pdf көрінісі
бет57/76
Дата29.07.2022
өлшемі457,37 Kb.
#37970
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   76
3. Сөз таптары жəне сөздерді таптастыру қағидаттары
1. Сөйлемдердегі сөздерді сөз таптарына қарай топтастырып, 
оларды таптастыру қағидаттарын анықтаңыздар.


126
Бүгін өзге Бөкеншіге айтпастан Сүйіндік, Сүгір, Жексендер таң 
атысымен түйелерін ұстатып, арқан-жібін қамдап, жаппаларын 
да жыға бастады. Қамысбай бұл отырғандардың сиязға оңай көне 
қоймайтынын ертеден біледі. Сондықтан ол егес сөзді молайтпай, 
жақындағы Байдалымен ақылдасып алмақ болды (М. Əуезов). Со-
дан жылт етіп жаз да келді. Күмбірлетіп қарағайдан үй салып алдық. 
Күрекпен басып, дүниенің жеріне егін де салып тастадық. Кешікпей-
ақ жиырма-отыз шаңырағы бар қарлы-шақарлы ауыл болдық та 
кеттік. Сол жолы екі түлкі, бір қоян олжамен қайтып келе жатқанда, 
Жəкен əріден сөз қозғап, үзеңгілесінің бүркітіне қолқа салған 
(А. Сейдімбек).
2. Сөздерді сөз таптарына қарай топтастырып, омоним сөздердің 
сөз табы ретіндегі белгілерін, морфемалық құрамын анықтаңыздар. 
Қоғам, барша, ер, қуаныш, адамзат, ойпырмай, гуіл, қазір, екінші, 
сəуір, əзірге, сана, көмектес, жəрдем, алқызыл, əрі, сол, жорта, тарс, 
мүмкін, аттан, қап, бірге, кейін, қабаған, жаңа, керек, хош, дүние, 
айтыс, сабау, тоқсан, сыр, аз, сен, бірден, тоқырау, күзеу, мен, біз.
4. Зат есім
1. Сөйлемдердегі сөздерге морфологиялық талдау жасап, зат 
есімдердің семантикалық топтарын, түрлену жүйесі мен құрамын, 
қызметін жəне емлесін анықтаңыздар. 
Жер-дүние азан-қазан. Бөжей тобы əлі күнге қыстау алдында еді. 
Тай-құнандар бастарын тегіс көтеріп, қос құлақтарын қалың жылқы 
келе жатқан жаққа қарай қайшыландыра шаншып ап, үйірсек үнмен 
шұрқырай кісінеді. Жұт деген жоқшылық, қысталаң, апат деген 
осындай боп қақ қасына келгенде, Абай ел тірлігінің барлық қайғылы 
сорын көрді (М. Əуезов). Тасбұлақтағы ауылдың үлкен-кішісін 
таңырқатқан, күнде қайталана бермейтін, əдеттен тыс оқиға осы-
лай басталып еді. Мұса бойына қалыптасқан сабырмен, зеңгір көкте 
сұлу бетіндегі меңше қарайып жүрген түз тағысына ұзақ қадалды.
(А. Сейдімбек). Қар астындағы минуттар ауыр өтті. Қарбаласта əрең 
жасап алған үңгір иықтан басып тұрған сияқты. Дауыл жел дүниені 
неше рет шырқ айналса да, түп қазығын теріскей беттен суырмай тұр 
еді, бүгін батысқа қарай жылысқандығы байқалады (Ғ. Мүсірепов).


127
2. Көмекші есімдерді тауып, олардың қолданысы мен мор-
фосемантикалық ерекшелігін, түрлену жүйесін түсіндіріңіздер.
Қала арасы салт аттыға соншалық қолайлы емес. Көше бойының 
шыныланып қалған қалың қары, көк аттың тағасы тиген сайын 
сықырлай түсіп, кірш-кірш етеді. Жас жігіт талайдан бері көкейін 
тескен бір түйіннің шешуін тапқандай боп, қуанып кетті. Дөң ба-
сында ауыр оймен жалғыз отырып қалды. Артына бірнеше бұрылып 
қарағанда, аналары үйге кірмей, ұзақ қарап тұр екен (М. Əуезов). 
Ауыл үстінде ұзақ қалқыған күшігендердің самарқау қимылынан тез 
жалыққан балалар тарап кеткен соң да, Жəкеннің өндіршегі созылған 
қалпы қотан ортасында селтиіп жалғыз қалып еді. Əншейінде 
аңшылық, саятшылықтан басқа сөзді сөз деп санамайтын Жəкен бұл 
жолы елеңдеп, қайта-қайта сыртқа шыға беріп еді. Шай қайнатым 
уақыт өткен шақта аспан төрі сөгіліп келе жатқандай өткір суыл үй 
ішіндегілерді селт еткізген (А. Сейдімбек). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет