Оқулық «гэотар-медиа»


Жүрек-тамыр жүйесінің нервтік реттелуі



Pdf көрінісі
бет145/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   315
Байланысты:
Геппе каз

Жүрек-тамыр жүйесінің нервтік реттелуі 
Нәрестелерде және ерте жастағы балаларда жүрек-тамыр жүйесінің 
орталық реттелуі басым симпатикалық, ал кемірек кезбе жүйкесі арқылы 
жүреді, сондықтан ерте жастағы балалардың ЖЖЖ айтарлықтай жиі. 
Кезбе 
жүйкесінің 
бұтақтарының 
миелинделуі 
3-4 
жасқа 
қарай 
қалыптасады. Соның әсерінен ЖЖЖ азаяды, синустық аритмия пайда 
болуы мүмкін (тыныстық типті).
Шала туған және жетілмей туған балаларда өмірінің бірінші 
аптасында гипоксияға фетальдық реакция түрі сақталады, клиникасы 
апноэ не брадикардия түрінде білінеді. 
 
Жүрек-тамыр жүйесінің функционалдық ерекшелігі 
Зат алмасуының белсенділігінен және жүрекке симпатикалық әсердің 
басымдылығынан, неғұрлым бала жасы кіші болса соғұрлым ЖЖЖ 
жоғары (үлкендермен салыстырғанда, кесте 8-2). Жасына сай ЖЖЖ-нің 
төмендеуі камералар көлемінің, жүректің соғу көлемінің ұлғаюына және 
вегетативті нерв жүйесінің парасимпатикалық бөлігінің жүрек қызметіне 
әсерінің күшеюіне байланысты.
ЖЖЖ балаларда өте құбылмалы, дене қалпы өзгеруінде, айқай 
кезінде, дене температурасы жоғарылауында және басқа факторлар 
әсерінен жиілейді. Балаларға тыныстық аритмия тән (ЖЖЖ тыныс 
алғанда жиілейді, ал тыныс шығарғанда азаяды). 15 жастан асқан 
балаларда тыныстық аритмия сирек кездеседі. 


217
Кесте 8-2.
Әр жастағы балалардың жүрек жиырылу жиілігі 
Жасы 
Бір минуттағы ЖЖЖ 
Нәрестелік кезең 
140-160 
1 жас 
120 
5 жас 
100 
10 жас 
80-85 
15 жас 
70-80 
АҚ
– бұл қанның артерия іргесіне қысымы. 

Систоликалық АҚ – сол жақ қарынша систоласы кезіндегі 
артериялардағы максималды қысым, ол жүректің соғу көлемімен және 
аорта мен ірі тамырлардың серпімділігімен негізделеді. 

Диастоликалық АҚ – жүрек диастоласы кезіндегі минимальды 
қысым, шеткі артериолалар тонусына тәуелді. 
АҚ баланың жынысына, жасына, биологиялық жетілуіне, жүректің 
соғу және минуттық көлеміне, шеткі қан тамырлар кедергісіне және 
серпімділігіне, айналымдағы қан көлеміне, қанның тұтқырлығына және 
басқа көрсеткіштеріне тәуелді. 
Кәріжілік артериясында АҚ өлшегенде оның орта көрсеткіштері кесте 
8-3 берілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет