Оқулық «гэотар-медиа»



Pdf көрінісі
бет142/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   315
210 
Сурет 8-1.
Ұрықтың қанайналымы 
Қолқа 
Өкпе 
Өкпе 
артериясы 
Оң жақ 
жүрекше 
Қақпа 
венасы 
Бауыр 
венасы
Кіндік 
венасы 
Артериалды өзек 
(өкпе артериясы 
мен қолқа 
арасында) 
Өкпе 
тамырлары 
Сол жақ 
жүрекше 
Венозды 
(аранций) 
өзегі 
Төменгі 
қуыс 
вена 
Төмендеме 
қолқа 
Кіндік 
артериялар 


211 
НӘРЕСТЕНІҢ ҚАНАЙНАЛЫМЫ 
 
Туғаннан кейін баланың қанайналым жүйесі айтарлықтай өзгереді (сурет 
8-2); 

Плацентарлық қанайналым функциясы тоқтайды, оны қамтамасыз 
ететін тамырлар (кіндік венасы, венозды өзек, екі кіндік артериясы) 
қызметін тоқтатады және өмірінің 2-аптасына қарай аяғында байламға 
айналып бітеледі. 

Өкпе артериялары мен веналардың қызмет атқаруы басталады. Өкпе 
тынысының басталуымен, өкпе арқылы қанның ағуы 5 есе артады 
және өмірінің 2 айына қарай кіші қанайналымдағы тамыр кедергісі 5-
10 есе төмендейді. Өкпе арқылы жүрек шығарған толық қан көлемі өте 
бастайды (құрсақ ішінде тек 10%). Сонымен қатар, жүректің сол жақ 
бөлігіне веналық қанның қайтуы жоғарылайды және сол жақ 
қарыншаның қан шығаруы жоғарылайды. 

Өкпелік тыныс басталған соң (дені сау нәресте өмірінің 10-15-ші 
сағатында), тегіс бұлшық ет жиырылуынан артериалдық өзек 
функционалды жабылады, кейінірек (шамамен 90% баланың 2 айына 
қарай) ол анатомиялық жабылады. Артериялық өзектің жабылуы және 
кіші қанайналым тамырларының кедергісінің төмендеуі өкпе 
артериясында және оң қарыншада қысымның төмендеуін тудырады. 

Жүрекшелерде қысымның өзгеру себебінен овальды терезенің 
функциясы тоқталады. Шамамен 3 айында өзіндік қақпашамен оның 
функционалдық жабылуы жүреді, кейін қақпаша овалды терезенің 
шетіне жабысып бітіседі және толық жүрекше аралық перде 
қалыптасады. Овалды терезенің толық жабылуы бір жасқа қарай 
аяқталады, бірақ балалардың 50%-да және үлкендердің 10-25%-да 
жүрекше аралық пердеде жіңішке зонд өтетеін тесік табылып жатады, 
оның гемодинамикаға ешкандай әсері жоқ. 

Фетальдық тесіктердің жабылуы (артериялық өзек және овалды 
терезе) үлкен және кіші қанайналымымдарының жекелей қызмет 
етуіне әкеледі. 

Оттегі қажеттілігінің жоғарылауынан жүректің қанды шығаруы және 
жүйелік АҚ жоғарылайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет