Тарау 8
Жүрек-қантамыр жүйесі
ҰРЫҚТЫҢ ҚАН АЙНАЛЫМЫ
Жүрек құрсақ ішілік дамудың 3-аптасында мезодермадан қалыптасуы
басталады және 22-ші күннен бастап жиырыла бастайды.
Ұрықтың қан айналым жүйесі ананың қанайналым жүйесінен
жекеленген тұйық шеңбер болып табылады (сурет 8-1).
Ұрықтың қан ағысы жүрегінің
жиырылу себебіне байланысты, ал 11-
12 аптасынан қан айналымына жазылмаған өкпеде кеуде қуысында теріс
қысым кезеңін тудыруынан ұрықтың
тыныс қозғалысы қанның
плацентадан жүректің оң жағына түсуіне әрекет етеді.
Фетальді қан айналымның ең маңызды ерекшеліктеріне жатады:
плацентарлық қан айналымның болуы;
кіші қан айналымының қызмет атқармармауы;
екі оң-сол шунт арқылы (жүректің оң және сол жартысының мен ірі
тамырлардың аралық қатынасы)
кіші қанайналымынан тыс, үлкен
қанайналымына қанның түсуі ;
үлкен қанайналымның минуттық көлемінің (оң-сол шунт болуы) кіші
қан айналымның минуттық көлемінен (қызмет атқармайтын өкпе)
айтарлықтай басым болуы;
ұрықтың барлық ағзаларын аралас қанмен қамтамасыз етуі (басым
оттегімен қаныққан қан бауырға, миға
және жоғарғы сирақтарға
түседі);
өкпе артериясында және қолқада АҚ біркелкі төмен.
Құрсақ ішілік кезеңінде плацентарлық қанайналым жағдайына ұрықтың
адаптациясына төменгі факторлар әсер етеді:
плацентаның тыныстану беткейінің ұлғаюы;
қан ағысы жылдамдығының жоғарылауы;
ұрықтың қанында Нв және эритроциттердің жоғарылауы;
оттегіге айтарлықтай ұқсастығы бар Нв F-тің болуы;
оттегіге ұрық тіндерінің салыстырмалы төмен қажеттілігі.