Оқулық «гэотар-медиа»



Pdf көрінісі
бет170/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   315
247 
Шуылдар сипаты 
Берілген шуыл байқалатын патология 
Ерте диастолалық шуыл 
бірден ІІ тон соңынан 
басталады және І тонға дейін 
жойылады. Әдетте аорта және 
өкпелік баған қақпақшалары 
арқылы қанның 
регургитациясында байқалады 
Аорта жетіспеушілігінде үрмелі протодиастолалық 
шуыл екінші қабырға аралығында оң жақтан және 5 
нүктеде естіледі. 
Өкпе артериясы қақпақшаларының 
жетіспеушілігінде, айқын өкпелік гипертензиясынан 
өкпелік артерия қақпақшаларының фиброзды 
сақиналарының кеңеюуі себебінен диастолалық 
шуыл сол жақ екінші қабырғааралығынан естіледі 
Мезодиастолалық және кеш 
диастолалық (систола алды 
шуылдар). Мезодиастолалық 
шуыл бірден ІІ тоннан кейін 
пайда болады және І тон 
басына дейін не бәсеңдейді, не 
І тон басталғанға дейін 
созылатын кеш диастолалық 
шуылға ауысады. Екі шуыл 
түрі де жүрекше-қарынша 
аралық тесіктен қанның 
турбулентті ағуында пайда 
болады 
Митральдық стенозда диастолалық шуыл естіледі, 
оның интенсивтігі жүрек ұшында басым және 
ешқайда таралмайды. Науқас тыныс шығарып сол 
жақ бүйіріне жатқанда жақсы естіледі.
Аортальдық қақпақшаның айқын жетіспеушілігінде 
митральды қақпақшаның органикалық өзгерісі жоқ 
жағдайда жүрек ұшында мезодиастолалық немесе 
кеш диастолалық шуыл естіледі 
Үздіксіз систола-диастолалық шуыл ашық артериялды түтігі бар 
науқастарда жиі кездеседі. 
Нүктелердің бірінде біруақытта систолалық және диастолалық 
шуыдардың табылуы жүрек ақауының комбинирленгенін (қақпақша 
жетімсіздігі және оған сәйкес тесік стенозы) көрсетеді. Жүректің үйлескен 
ақауларында 
(біруақытта 
екі 
немесе 
одан 
көп 
қақпақшалар 
зақымдалуында) 
бірнеше 
шуылдар 
естілуі 
мүмкін, 
оларды 
идентификациялау қиындық туғызады. 
Туа біткен әртүрлі жүрек ақауларында байқалатын патологиялық 
өзгерістер сурет 8-20 көрсетілген. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет