Оқулық «гэотар-медиа»



Pdf көрінісі
бет168/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   315
Байланысты:
Геппе каз

244 
Тондар өзгерісі 
Өзгеру себептері 
І тонның бөлшектенуі 
Патологиялық бөлшектену Гис будасы аяқтарымен 
жүретін қарыншаішілік өткізгіштігінің бұзылуынан 
қарыншалардың бірінде систоланың тежелуі байқалады 
ІІ тонның бөлшектенуі 
Патологиялық бөлшектену оң жақ қарыншадан қанды 
айдап шығару уақытының ұзаруымен жүретін 
жағдайларда жиі пайда болады (жүрекше аралық далда 
ақауы, Фалло тетрадасы, өкпе артериясының стенозы, Гис 
будасының оң аяғының блокадасы және т.б) 
Шоқырақ ритмі 
(таxикардия фонында 
естілетін жүректің үш 
бөлімді ритмі және 
дыбысы бойынша аттың 
шабысын еске түсіреді) 
І тоннан бұрын естілетін қосымша (IV) тон – систолаалды 
шоқырақ ритмі; диастоланың бастапқы кезінде ІІ тоннан 
соң естілетін қосымша (ІІІ) тон,- протодиастолалық 
шоқырақ ритмі.
Жүрек бұлшықетінің тонусының әлсіреуімен немесе 
гипертрофиясымен жүретін әртүрлі патологиялық 
жағдайларда (миокардит, жүрек ақауы және т.б.) естіледі 
«Бөдене ритмі» (жүрек 
ұшында және Боткин-Эрб 
нүктесінде естілетін 
күшейген І тон мен 
бөлінген ІІ тонның 
қосарлануы)
Сол жақ атриовентрикулярлық тесіктің тарылуынан 
митральдық қақпақшаның ашылуындағы қосымша тон 
(шертпе) белгісі. «Бөдене ритмі» кезінде әдетте 
митральдық стенозға тән диастолалық шуыл естіледі 
Эбриокардия (маятник 
тәріздес ритм, мұнда 
систола мен диастола 
ұзындығы шамамен 
бірдей, ал І және ІІ жүрек 
тондарының дауыс 
қаттылығы мен тембрінің 
айырмашылықтары жоқ 
Жедел жүрек жеткіліксіздігінде, пароксизмальды 
таxикардияда, қатты қызбада және т.б. пайда болады 
Жүрек шуылдары
Органикалық шуылдар систолада және диастолада пайда болуы 
мүмкін (сурет 8-19). Органикалық шуылдарға туа және жүре пайда болған 
жүрек және магистральдық тамырлар ақауларында, эндокардиттің 
қабынуында естілетін шуылдар жатады. 
Систолалық шуылдар арасында ерекшеленеді: айдау систолалық 
(мезосистолалық), пансистолалық және кеш систолалық шуылдар. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет