340 Бұзылыс түрі Анықтамасы Себептері Олигурия
Тәуліктік диурез жасына
сай нормадан 1/3 – 1/4-не
азайғанда
Гломерулонефриті, пиелонефриті, уремиясы
бар пациенттерде бүйрек функциясының
бұзылыстарынан туындайды.
Бүйректен тыс себептері:
-сұйықтық қабылдауы шектелуінде;
-қатты тершеңдікте;
-профузды диареяда;
-үздіксіз құсуда;
-жүректік ісінудің жоғарылауында
Нәрестенің алғашқы 3 күндік өмірінде
транзиторлы олигурия байқалады.
Анурия
Диурез азаюы
(қалыптыдан 6-7%-дан
азаюы немесе мүлдем
зәр бөлінбеу)
Бүйректе зәр түзілмеуінен (нағыз анурия)
немесе жоғарғы зәр шығару ағзаларының
обструкциясынан қуыққа зәр түспейді.
Нағыз анурия жедел бүйрек жеткіліксіздігінің
белгісі
болуы
мүмкін,
бүйрек
қанайналымының бұзылысында (шок, жедел
қан жоғалуында), токсикалық факторлар
әсерінен, бүйрек паренхимасының жедел
қабынуынан (жедел гломерулонефрит) пайда
болады
Ишурия
Зәр шығуының жедел
тежелуі
Қуықтан зәрдің шығуының бұзылысында
пайда болады.
Ишурия несепағардың толық травматикалық
жыртылысында
немесе
таспен
обтурациясында жедел пайда пайда болуы
мүмкін, немесе қуықтың айқын атониясында
ұзақ сақталады.
Жартылай тежелу (толық босамау, қалдық
зәрдің қалуы) қуықтың мойнағы немесе
несепағар каналының деңгейінде кедергілер
(мойнақ фиброзы, зәр шығару каналының
қақпақшасы немесе стриктурасы; қуықтың
тастары немесе ісіктері, уретроцеле және т.б.)
болғанда кездеседі. Жартылай созылмалы зәр
тежелуіне дизурия тән: зәрдің үзіліп шығуы,
зәр шығуының кешеуілдеуі, оны 2 кезеңге
бөліп орындауы, қуықтың дивертикулында,
уретерогидронефрозда,
қуықты-несепағар
рефлюксінде жиі байқалады