401
Қыздардың жыныстық жетілу кезеңдері:
I кезең. Сүт бездері дамымаған, емшек ұшы көтеріңкі. Қасақ үсті
түктенуі жоқ.
II кезең. Сүт безінің «бүйін» көлеміне дейін өсуі, түктенудің
басталуы(ұзын, сирек, әлсіз пигменттелген түктер; түктер жазыңқы, бірен-
сараны ғана бұйраланған, жыныстық ернеу бойында орналасқан).
III кезең. Сүт безінің әрі қарай ұлғаюы және ареоласының контуры
бөлінбеген. Түктері қоңырланады, ірі талшықты, бұйраланған, қасаға
жайылған, қолтықасты түктене бастайды.
IV кезең. Сүт безінің контуры үстінен ареоланың және емшек
ұшының шығыңқы болуынан екіншілік бұдыр пайда болуы. Қасақ түктенуі
әйел жыныс типті, бірақ бұтарасына және санның ішкі аймағына
жайылмаған. Безеу пайда болады. Менархе.
V кезең. Сүт безі үлкен әйелдердікіндей; ареоласы сүт безінің
контурымен тұтасқан. Түктенуі санның ішкі бетіне жайылған. Етеккірі
ретті.
Жыныстық
ағзаларын
қарағанда,
олардың
құрылысының
толыққандылығына көңіл аударамыз. Ер балаларда гипоназия (зәр шығару
каналының төменгі іргесінің саңылауы) , эписпадия(зәр шығару
каналының
жоғарғы
іргесінің
саңылауы)
,
жыныстық
мүшенің
гипоплазиясы(микропенис)
сияқты
аномалияларды
табуға
болады.
Пальпациялағанда ербалалардың ұмасында аталық бездерін, оның көлемін
және консистенциясын анықтайды.
Қыз балаларда шүрті гипертрофиясы, үлкен және кіші ернеулердің
бірігуі(синехии), қызперденің тесілмеуі, ернеулердің және қызперде
аплазиясы сияқты аномалияларды табуға болады.
Қажетінде кіші жамбас іші ағзаларының ер балаларда аталық безінің
УДЗ-і
жасалады.
Жыныстық
без
функциясын
анықтау
үшін,
гонадотропиндердің
және
жыныстық
гормондардың
қандағы
концентрациясын анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: