Оқулық «гэотар-медиа»



Pdf көрінісі
бет277/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   315
Байланысты:
Геппе каз

 
 


399 
Аналық без. 
Аналық без (әйелдер жыныстық безі) – кіші жамбаста орналасқан қос 
ағза. Жыныстық бездің эндокриндік функциясын гипоталамо-
гипофизарлық жүйе реттейді. Аналық бездің паренхимасы: қыртысты 
заттан тұрады, онда дамудың әр кезеңіндегі фолликулалар, ақ және сары 
денелер орналасқан, және дәнекер тіннен құрылған милы заттан тұрады. 
Аналық бездің функциясы фоллкулярлық жасушаларымен синтезделетін 
эстрогендерден және сары дененің прогестерон синтезінен тұрады. Осы 
гормондардың әсері 12-9 кестеде берілген. Одан басқа қыртыс 
жасушаларында және милы затында андрогендер синтезі жүреді. 
 
Балалардағы анатомо-физиологиялық ерекшеліктер 
Ербалаларда: 
Жаңа туылған ер баланың аталық безі 0,3 г, ал көлемі 10х7 мм; 
ұрықтық құбырлары мен құбырлық торы саңылаусыз, бұл жыныстық 
жетілу кезеңінде қалыптасады. 10-11 жаста аталық без 2-2,5 есе ұлғаяды 
(20-25мм-ге дейін) , ал массасы 2 г-ға дейін. Үлкендерде аталық без көлемі 
30х20 дан 50-30 мм-ге дейін, ал массасы 20г-ға жуық.
Ер балалардың жыныстық жетілуі 3 кезеңге бөлінеді; 
-
Пубертаттыққа дейін. 6-7 жасқа дейін гормональдық тыныштық 
кезеңі. 
-
Пубертаталды. 6-дан 10-11ге дейін – бүйрекүсті безінің андрогендер 
синтезің күшейту және аталық без морфологиялық құрылымын 
қалыптастыру. 
-
Пубертаттық. 11-12 жаста басталады, тестостерон әсерінен екіншілік 
жыныстық белгілердің қалыптасуы.
Басында ұманың пигментациясы және көптеген ұсақ қатпарлары 
пайда болады. Артынан аталық безі ұлғаяды, қасасы өседі, қаса үсті 
түктенеді, қолтықта, ерін үстінде, бетінде, иегінде түктер пайда болады. 
Көлемі ұлғаяды, дауыс мутациясы жүреді. Простата безі ұлғаюы, біртіндеп 
сперматогенез үрдісі күшейеді. 
Қыздарда: 
Жаңа туған қыз баланың аналық безі 0,5-3 см, цилиндрлі қалыпта, үсті 
тегіс және кіші жамбасқа енер жолдан жоғары орналасқан. 5-7 жаста 
аналық без қалыпты жағдайда және жұмыртқа қалыпты болады. 16 жаста 
аналық без айтарлықтай қалыңдайды , ұзындығы орта есеппен см 
ұлғаяды. 


400 
Қыздардың жыныстық жетілуі 3 кезеңнен тұрады: 
Бейтарап (5-6 жас)
Пубертаталды(6 жастан 9-10-ға дейін)
Пубертаттық (толық жыныстық жетілгенше)
Бейтарап кезеңде жыныстық гормондар баланың өсіп-жетілуіне 
минимальды әсер етеді. Пубетаттық кезеңде гонотропты гормондардың 
әсерінен фолликулалар өседі. Эстроген синтезі күшейеді. Осы кезеңде дене 
құрылысы өзгереді, сүт безі дамиды, ішкі және сыртқы жыныстық ағзалар 
ұлғаяды, 
эндометрия 
құрылымы 
өзгереді. 
Эстрогендер 
концентрациясының 
көбеюінен, 
алғашқы 
менструация(менархе)
басталады, 12,5-13 жаста. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет