423
Иммундық жүйенің зақымдалу семиотикасы.
Иммундық жүйе бұзылысының 3 түрі анықталады.
-иммундық жүйенің
қандай да бір тізбегенің
сандық не
функционалды
жетіспеушілігі
(біріншілік
және
екіншілік
иммунодифицит).
-
өзіндік антигендерді тануының бұзылысы
(аутоиимунды аурулар).
-
гиперактивті иммундық жауап
(аллергиялық реакция).
Біріншілік
иммунитет жетіспеушілік жағдайлар
Күмәндантыратын 10 белгі:
-жиі отиттер (жылына 6-8рет)
-ауыр синуситтер (жылына 4-6 рет)
-Бір жылда анықталған екіден көп ауыр пневмония)
-қайталамалы терең тері не ішкі ағзалардың абсцессі
-екіден көп ауыр инфекция –остеомиелит,сепсис,менингит
-бір жастан үлкен балаларда кандидоз не терінің саңырауқұлақпен
жарақаттануы
-ұзақ антибактериалдық терапия қажеттілігі (2 ай)
-инфекцияны тоқтату үшін вена ішіне антибиотиктер енгізу
-жанұялық анамнезде инфекциядан ерте өлу фактілерінің болуы
-емшектегі баланың физикалық жетілуінің тежелуі.
Иммундық жетіспеушіліктің патогенезін
клиникалық белгілері
бойынша нақты диагностикалау өте күрделі,бірак
әр ақауға тән
клиникалық ерекшеліктерін анықтауға болады.
Иммунитеттің Т-жасушалық тізбегінің біріншілік
ақауы бар аурулар
саңырауқұлақ инфекциясына (созылмалы
және қайталамалы тері және
сілемейлі қабат қабат кандидозы),бактериалдық жасуша ішілік инфекцияға
(туберкулез,сальмонеллез),вирустық
инфекцияға
бейім
болады,тірі
вакцинаға жауап ауыр жүйелік реакция түрінде жүреді.
Гуморальді
иммунитетінің
біріншілік
жетіспеушелігі
бар
ақаулар,тыныс
жолдарының
және
терінің
ауыр
бактериалдық
инфекциялармен
зақымдалуына бейім,оларды
шартты патогенді флора
туындатады.
Аралас иммундық жетіспеушілік ағымы өте ауыр болады.(13-4 кесте)